«Қайсар» командасы жаңа маусымға дайындығын бастады

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы Түркияның Анталия қаласында алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқу-жаттығу жиыны 4-27 қаңтар аралығында өткізіледі. Оған команда құрамында былтыр ойын көрсеткен бірқатар футболшылар, жергілікті жастар қатысады. Сондай-ақ, өткен жылы еліміздің өзге клубтарының құрамында болған бірқатар футболшылар «Қайсардың» сынағынан өтеді деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында «Атыраудан» жартылай қорғаушы Марат Хайруллин, «Жетісудан» Иван Садовничий бар.

Былтыр команда құрамында болған қақпашылар - Александр Григоренко, Марсель Исламқұлов, қорғаушылар Абдель Азиз Ламанж, Иван Граф, Александр Марочкин, Валентин Чуреев, Айбол Жақаев, Ілияс Әмірсейітов, жартылай қорғаушылар - Марк Гурман, Думан Нәрзілдаев, Асхат Тағыберген, Мақсат Байжанов, Валерий Коробкин, шабуылшылар - Братислав Пуношевац, Игорь Зенькович аталмыш оқу-жаттығу жиынына аттанып кетті.

Алғашқы жиында Украинаның «Олимпик» командасымен кездеседі. Одан кейін 24 қаңтарда Әзербайжанның «Сабаил» командасымен шеберлік байқасады.

Бұдан бұрын «Қайсар» командасының бас бапкері Стойчо Младенов биыл да қызметін жалғастыратынын хабарлаған едік. Қызылорданың «Қайсар» командасы 2019 жылы жүлделі орынның біріне ілігу мақсатын көздеп отыр.

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қаңтар 2019 г. 836 0