« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елімізде жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында «Zhas Project» жобасы қолға алынды. Жоба арқасында көптеген жастар тың идеяларын іске асыруда. Солардың бірі – Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылының тұрғыны Ақерке Сатыбалдиева.
Ақеркенің негізгі мамандығы –мұғалім. Бірақ әзірге жұмысқа орналаса қоймаған ол өзін кәсіпкерлік саласында сынауға бел байлапты. Жоспарын құрып, жобасын қорғады. Нәтижесінде жеңімпаз атанды. Қаржысына қора жайын қамдап, сиыр сатып алды. Осылай «Ақерке» шаруашылығын құрды. Сүт өнімдерін жергілікті халыққа сатады. Жобаның тағы бір ерекшелігі, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына қолдау білдіреді. Ақерке де ауылдағы осындай 20 отбасына өнімін тегін үлестіріп отыр. Оның тобындағы жастар да белсенді. Бақташы қызға қолғабыс етеді. Еңбекқор жастар айына берілетін стипендияларын уақытылы алып келеді.
– Қандай істі қолға алсаң да, басында қиындығы болады. Бірақ шыдамдылықпен еңбек ете білген жөн. Кәсіп бастау да оңай шаруа емес екендігін білемін. Әсіресе, төрт түліктің бабын табу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Күнделікті сиырларды өріске жайып, жем-шөбін мол береміз. Сауыншы да өзіміз,–дейді ол.
Бақташы қыз енді кәсіпкерлік бағытын тереңнен білу үшін арнайы курстарға қатысып, білімін жетілдірмек. Сала мамандарының кеңесіне жүгініп, мемлекеттік бағдарламалардың да игілігін көріп, шаруашылығын дөңгелетуді жоспарлап қойыпты.
Жалпы, кейіпкеріміз секілді оқу бітіріп, екі қолға бір күрек таба алмайтын жастар ауылда көп. «Zhas Project» жобасы мұндай жандардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына септігін тигізді.
Осы ретте Төменарық ауылының өзінде 8 жоба жеңімпаз атанған. Ауыл жастарының қарқыны қатты, бастамасы батыл. Атап айтар болсақ, жылқы, сиыр, құс шаруашылығы мен қуыршақ театры, 2 тігін шеберханасы ашылып, ағылшын курсы жұмысын бастады. Тиімді жобаның нәтижесінде ауыл тіршілігі жанданып, жастардың қиялына қанат бітірді.
Бұл бағдарламаға жастар тек қатысып ғана қоймай, кәсіпкерлік негізде едәуір білім жинайды. Жоба ізденімпаз жастарға өз ісін бастауға үлкен мүмкіндік сыйлайды.
Сара АдайбаевАа
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |