Жаңа жылда – жаңа баспана

 Жұма күні облыс орталығында Қараша көшесіндегі 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл тоғысындағы салтанатта облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарға пәтер кілтін табыс­тап, өз лебізін білдірді.

– Жаңа жылда жаңа қонысқа ие болу үлкен бақыт. Өткен жылға өкпе жоқ, бар­лық макроэкономикалық көр­сеткіш бойынша өзіміз­дің алға қойған межеге қол жеткіздік. Жуырда Елбасы кәсіпкерлікті да­мыту бағытындағы бас­та­ма­мызды оң бағалап, үз­дік­терге берілетін  “Алтын сапа” сыйлығын табыс етті. Мұның барлығы хал­қымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағының арқасы.

Соңғы 5 жылда аймақта құрылыс қарқынды жүруде. Қазір Қызылорда қаласының өзінде 25 млрд теңгеге тұрғын үй құрылысы салынуда. Яғни 2050 пәтерлі 46 көпқабатты үй бой түзеуде. Ақпан айында дарияның сол жағалауындағы 14 үйдің кілтін табыс­тайтын боламыз. Сон­дай-ақ,  алдағы жылы 3 ша­ғын ауданның жұ­мысы бас­тал­мақ. Бұл Ел­ба­сының жүргізген сарабдал саясатының жемісі. Сон­дықтан  жерлестер, қо­ныс­тарыңыз құтты болсын. Іші нәрестенің күлкісіне, тек жақсылыққа толы болсын, – деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде Батыр ана  Бибіайым Әлібекова барлық қуаныш иелерінің атынан облыс басшысына алғысын білдірсе, құрылыс саласының ардагері Өмірзақ Көпербаев барша қоныс иелеріне батасын берді.

–  Бүгінгі күн біздер үшін, менің отбасым үшін үл­кен қуанышты күн. Жаңа жыл­да жаңа баспанаға ие болдық. Мұ­ның бәрі – Тәуелсіздіктің жемісі. Сол себепті Елбасына, ел аға­ларына шексіз риза­шы­лығымды білдіремін. Ха­лық­ты осындай қуанышқа кенелте берсін, – деді батыр ана.

Айта кету керек, көп­қабатты тұрғын үй құ­рылысын “Дәнекер” ЖШС жүргізген. Құны 669 млн 239 мың теңгені құрайтын үйдің бас жобалаушысы “Проект-Сервис” ЖШС.


Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қаңтар 2019 г. 441 0