Ісі оңға, іргесі солға созылған Қызылорда

Есілдің екі бетіне жауһар шашқан Астанаға қарап бой түзеген Қызылорданың бүгінгі бейнесі Сырдарияның сол жағалауында  күн санап айшықталып келеді. 

1500 гектар аумақты алатын жаңа қалада – әкімшілік үйі, мәдени-спорттық кешендер, сауда орындары, мегаорталық, балабақша, мектеп, емхана ғимараттары және 3 млн шаршы метрді құрайтын тұрғын үй аудандары бой көтермек. Қазірдің өзінде 18 көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын. Жоба толық игерілгенде бұл аймақта 155 мың тұрғын қоныстанатын болады.

Ал, Қызылорданың астана болып тұрған кезінде жұмыс істеген Қазақ Орталық Атқару комитетінің тарихи ғимараты үлгісімен салынған этнографиялық музей үйі пайдалануға берілді. Мұнда музеймен бірге Рухани жаңғыру орталығы орналасқан.  

Сол жағалаудағы сәнді орынның бірі – «Болашақ» университетінің бас ғимараты да көкке бой созып тұр. Жаңа сипаттағы студенттер қалашығы аумағының көлемі 10,8 гектарды құрайды. Мұнда бас ғимараттан бөлек оқу кешендері, Студенттер сарайы, профессор-оқытушылардың тұрғын үйі, балабақша, ойын-сауық орталығы, Конгресс орталығы, ХҚО, стадион, дендробақ салынып жатыр.

Студент қалашығының өзге жұ­мысы онан әрі жалғаса беретін болады. Мінекей, осылайша 2018 жылдың ең басты жаңалығы, көз алдымызда қанат жайған Қызылорда халқы жақын арада дарияның арғы-бергі бетін айдау жол қылмақ. «Қоныс құтты болсын» дейтін кезіміз де алыс емес.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 желтоксан 2018 г. 418 0