« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Әр жылдың өз ерекшелігі бар. Бұл орайда 2018 жыл Қызылорда облысының экономикалық дамуында серпіліс туғызған кезең болғанын айрықша атап өткіміз келеді. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру мұнайға байланысты біршама кемігенімен, аймақта республика көлемінде макроэкономикалық көрсеткіштердің басқа салалары бойынша мақтан тұтатындай деңгейге қол жеткізілді.
Облыста Елбасының төл жобасы – индустрияландыру картасының бірінші және екінші бесжылдығы аясында жүзеге асырылған 22 жобаның бүгінгі күні 17-сі өнім шығаруды қамтамасыз етуде. Бағдарлама аясында өңірде 2018 жылы әк шығару зауыты іске қосылды.
2018 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған ең үздік өңір деп танылып, 11 желтоқсан күні Астанада өткен телекөпір барысында мемлекет басшысы облыс әкіміне «Алтын сапа» сыйлығын табыстады. Осы телекөпір аясында тампонажды цемент өндіру зауыты іске қосылды. Ол өңірде беріктігі мен төзімділігі жөнінен күрделі өнеркәсіп құрылысында бұрын қолданылып жүрген цементтен 2-3 есе асып түседі.
Облыста индустрияландыру аясында химиялық және тау-кен металлургиялық кластерлерді құруды көздейтін жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Бұл орайда «Шалқия» қорғасын мырыш кенішінде кен байыту комбинатының іргетасы қаланды. «Баласауысқандық» кенішінде ванадий кен өндірісін игеру, Арал қаласында кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасын табуда.
Әрине, осыншама жобаларды жүзеге асыру бір немесе бірнеше жылдың еншісіндегі шаруа емес. Бұл үлкен ізденіспен, біліктілікпен, біліммен, қыруар күш-жігермен келеді. Міне, бірнеше жыл болды, облыста халықаралық инвест және интернет-форумдар тұрақты өткізіліп келеді. Оған шетелдік елшілерден бастап, көптеген елдердің бизнес өкілдері қатысуда. Олармен соңғы форум аясында 14 меморандумға және 1 келісімге қол қойылды. Әсіресе, экономиканы әртараптандыруда облыстың аграрлық саласы басым үлеске ие бола бастағанын айрықша атап өткіміз келеді. Соңғы төрт жыл ішінде облыстың жалпы өңірлік құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі 2,5 проценттен 3,7 процентке өсті. Бұл индустрияландыру өрісі бойынша Сыр өңірінде өнеркәсіп салаларымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісінің де келешегі зор екенін айғақтаса керек-ті.
Ж.әлмахан.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |