Ағымдағы жылы облысымыздың мәдениет және өнер саласында көптеген жұмыстар атқарылып, ауқымды шаралар мен жобалар жүзеге асырылды. Осы жұмыстардың жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуы, шаралардың өнер сүйер қауымның талғамынан шығуы, халқымыздың рухани баюы жолында мәдениет саласы қызметкерлері мен өнер иелерінің алар орны ерекше.
Осы орайда, 2018 жылғы 27 желтоқсан күні облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемұлы өңіріміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына зор үлес қосып жүрген сала мамандарына марапаттар табыс етті.
Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығы құрметіне арналған «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды:
1. Ақдәулетова Қаракөз Ақжігітқызы - Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының маманы;
2. Төлепова Зәлипа Тұрғанбайқызы - Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртісі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды:
1. Әдепов Сәдуақас Әбілұлы - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайының көркемдік жетекші;
2. Көшенеев Арнұр - Танымал жыршы, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпазы;
3. Іздіқұлова Әзиза Гажденбекқызы - Қызылорда облыстық филармониясы басшысының орынбасары;
4. Баймаханов Ұғым Санақұлы - Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртісі;
5. Өтеп Кеменгер Байназарұлы - Қазалы аудандық мәдениет Орталығының директоры;
6. Сәрсенбаева Гаухар Қожабергенқызы - Сырдария аудандық мәдениет үйінің әдіскері;
7. Қанатбаева Эльмира Қожасқызы - Қызылорда қалалық Мәдениет Үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды:
1. Насимханова Ляйла Оразқызы - Қызылорда қаласы, Мәдина Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры;
2. Қаниева Күлшара Бөгенбайқызы - Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры;
Қорқыт ата мұрасының Шығыс Африка еліндегі Маврикий Республикасында өткен ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енуіне үлкен үлес қосқаны үшін Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды:
1. Құрамысова Жанат Ашанқызы - Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары;
2. Мухамеджан Махсат Бұрханұлы - Қызылорда облыстық филармониясының әртісі.
«Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалімен марапатталды:
1. Ешпанова Роза - Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы;
2. Әбілдаева Нұршат Маханқызы - Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы;
3. Нұржақыпова Жанар Сейітжанқызы - Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы;
4. Жүсіпова Қарлығаш Мәлікқызы - Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы;
5. Ахметова Гүлшат Төлепбергенқызы - Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің басшысы;
6. Байғараева Жұлдыз Нұрпейісқызы - Қызылорда қалалық архивінің басшысы.