« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Дәл осы кезеңде аймақтарда бұзылған бөгет, тасыған су туралы дабыл қағыла бастайтыны белгілі. «Ал, Сырдарияда жағдай бірқалыпты, су тасқынына қарсы күрес жағдайы қатаң бақылануда» дейді ҚР Қоршаған орта және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында дарияның қазіргі жағдайымен қатар, тасқынға қарсы дайындық жұмыстары да баяндалды.
Қазіргі таңда жоғары бөліктен Шардара су қоймасына секундына 900 текше метр су құйылуда. Бүгінде су қоймасында 3,2 млрд текше метр су жиналған. Ол өткен жылғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 1,5 млрд текше метрге артық. Қазір Шардара су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 650 текше метр су жіберіліп, Қызылорда облысы аумағына секундына 571 текше метр су келуде. Аралдан бастап Қызылорда қаласына дейін дария бойынша 734 шақырым аумақта мұз ұстасқан. Мұздың қалыңдығы Арал, Қазалы аудандарында 15-20, облыс орталығы бойынша 8-10 сантиметр.
– Алдымыздағы міндет – мұз толық ұстасқаннан кейін, көктемгі уақытта су тасқынының алдын алу. Қаңтар айынан бастап Шардара су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 900 текше метр су жіберілмекші. Жоғарыдан келетін су көлемін қауіпті мөлшерден асырмау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Шардара, Көксарай су қоймаларынан төменге босатылатын су көлемінің кестесін бекітті. Келесі айдан бастап Көксарай су қоймасына секундына 400 текше метр су қабылданып, төменгі ағысқа секундына 500 текше метрі жіберілетін болады, - деді Әділхан Қарлыханов.
Облыс аумағындағы Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы 1274 шақырымды құрайды. Бүгінде қорғаныс бөгеттерінің тұсы қауіпті 56 су басу аймақтарына бөлініп, оғана 111 жауапты мекеме бекітілген. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаевтың айтуынша, су тасқынына қарсы жұмыстарға пайдаланылатын 141,8 тонна жанар-жағармай қоры және 156 000 дана қап сақтауда тұр. Жалпы мұнан өзге де материалдық қордан бөлек, 2 тікұшақты пайдалану турасында ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен келісімшарт жасалған. Сондай-ақ, мұз жару мекемесімен де келісімшарт жасасу жұмыстары жүргізілуде.
Бірнеше күн бұрын, 24 желтоқсанда Қазалы қаласы тұсындағы Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті жырылып, су өзеннің ескі арнасына түскені белгілі. Бұл мәселе бойынша аудан әкімдігі нақты шаралар қабылдап, ескі арнаға жақын орналасқан елді мекендерді су басудан қорғау мақсатында уақытша қорғаныс бөгеттері салынған. Сала мамандарының айтуынша, бүгінде ол маңдағы ауылдарға еш қауіп жоқ.
Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |