« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасы 2011 жылы Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылы ауылдық елді мекендердің 80 пайызын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы қабылданып, бұдан кейін бірқатар салалық бағдарламалар ықшамдалып, 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасына біріктірілді. 2015 жылы қабылданған «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы ескірген ауыз су жүйесін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілді.
Аталған бағдарламалар аясында облыста мақсатты әрі жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, 2011-2017 жылдар аралығында бюджеттен 40 млрд теңгеден астам қаржы тартылды. Соның нәтижесінде 2,5 мың шақырымға жуық ауылішілік және сервистік жүйелер жаңартылды, 8,5 мыңнан астам су өлшегіш құралдар орнатылды. Бүгінгі күні облыстағы 265 ауылдық елді мекеннің 199-ы немесе 76,5% орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Халық санына шаққанда, 97%-ті құрайды.
Елбасының 2014 жылғы «Нұрлы Жол» – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы аясында инфрақұрылымдық сапа жөнінде әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына кіруге бағытталған «Нұрлы Жол» бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарлама еліміздің экономикалық құрылымдық өзгерістеріне серпін беріп, қосымша өсуін қамтамасыз етуге міндеттелген инфрақұрылымды дамытудың жаңа, бірегей бағыты екенін дәлелдеп келеді. Оны облыста бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардан байқауға болады.
Мәселен, жылумен қамтамасыз ету бойынша 2015-2016 жылдары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына 4 млрд теңге қаржы бөлініп, 14,4 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылды. Тұрғын үй құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасына ауыстырылғанға дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша көптеген қызылордалықтар баспаналы болғанын білеміз. Мысалға, тек 2016 жылдың өзінде аталған бағдарлама аясында 350 пәтерлік жеті үй пайдалануға берілген-ді.
Ал 2018 жылы облыста «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 14 жобаға 3 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 13 жобаға бөлінген қаржы – 1,6 млрд теңге. Бұл қаржыға сумен жабдықтау бойынша – 8, суды бұру бойынша 5 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 10 шақырым ауыз су және 4,5 шақырым кәріз жүйелері жаңғыртылды. Жаңақорған ауданы бойынша сумен қамтудың 1 жобасына 1,4 млрд теңге бөлінген. Бұл жұмыстар 2019 жылы аяқталады.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |