Облыстық медицина орталығының 20 жылдығы аталып өтілді

Облыстық медицина орталығының жанында кардиологиялық, нейроинсульттік және офтальмохирургиялық орталықтар, онда 1500-ға жуық қызметкер жұмыс істейді.
Бұл орталықтардың жұмысы әлеуметтік және экономикалық тұрғыда маңызды екенін атап өткен жөн. Соның арқасында қызылордалықтар ота жасату үшін бұрын астаналық мекемелерге немесе Ресейге барса, бүгінде облыстық медицина орталығында жасата алады.
Сонымен қатар, 2016 жылдан бастап Байқоңыр қаласында облыстық медицина орталығының филиалы жұмыс істеп тұр.
Медицина орталығының қызметкерлерін облыс әкімі Қ.Көшербаев құттықтап, бұл орталықтың құрылысы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың еңбегі екенін атап өтті.
«Облыстық медицина орталығының толық аяқталуы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды саясатының жемісі. Елбасы елмен бірге қуанды, осыдан 20 жыл бұрын желтоқсан айында Сыр бойына келіп, медицина орталығының лентасын қиды. Заман талабына сай болуға аманат арқалатты. Облыстық медицина орталығы өңірде көпсалалы медициналық көмек көрсететін жалғыз орталық. Осы орталықтың  заман талабына сай болып, медицинаның соңғы жетістігін игеруге күш салуымыз қажет. Президентіміз «Нұр Отан» партиясының кезекті отырысында қызылордалық дәрігерлерге жоғары бағасын берді»,-деді аймақ басшысы.  
Медицина орталығының ұжымы атынан медицина ардагері Тұрғанбай Маханов құттықтады. Орталықтың үздік қызметкерлері облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. 
Іс-шара барысында облыстық медицина орталығының жас дәрігерлері Елбасына арнаған үндеухатын жолдады. Соңғы 5 жылда республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен, апатты деп танылған 64 пайыз медициналық нысанды жаңадан салуға мүмкіндік жасалды. Облыстың барлық 7 ауданында  емханалар жаңадан салынды, Арал, Қазалы, Шиеліде ауруханалар бой көтерді.
Облыс дамуының бірыңғай перспективалық жобасы аясында 2025 жылға дейін өңірдің барлық медициналық нысандары, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жаңартылады. Қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің 61 жобасы қарастырылып, 29 жоба іске асырылуда.
Сонымен қатар, мамандар даярлау мақсатында 72 қызылордалық студент облыс әкімінің гранты бойынша еліміздің медициналық жоғары оқу орындарының бакалавриаты мен резидентурасында білім алуда, ал аймақ дәрігерлері шетелде тәжірибеден өтуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 желтоксан 2018 г. 783 0