« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жастарға арналған “Zhas Project” жобасы жемісті жүзеге асырылып келеді. Бұл жастардың кәсіпке деген қызығушылығын оятып, ізденісін арттырады. Игі бастаманың “Mega art” кіші жобасы қолға алынған еді.
Денсаулығында ақауы бар балаларды қоғамнан тыс қалдырмау үшін психологтармен кеңесе отырып, балалардың ойлау қабілеті мен шығармашылығын жан-жақты дамыту, яғни баланың бойындағы өнерін жетілдіруіне қолдау көрсетуді көздеген “Mega art” осы жылдың тамыз айында жұмысын бастаған болатын. Жоба “Шағбан” балабақшасы және №7 арнайы түзету мектеп-интернатындағы балалармен тұрақты байланыс орнатып, оларды қызықты әрі пайдалы үйірмеге тартты.
– Үйірмеде олар ең күрделі есепке құрылған шахмат ойынын үйреніп, сонымен бірге, қиялдарына ерік беріп, құмға, суға, қағаз бетіне суреттер салады. Шығармашылық еңбек балалардың өмірге құштарлығын арттырып, өнерін дамытуға игі әсер етті. Демек, біздің түпкі мақсатымыз орындалды, – дейді жоба жеңімпазы Бексұлтан Тұрсын.
Бүгінгі заманның талабына сай кәсіпкерлікпен айналысуға алғашқы бастама болған бұл жобаның жастардың болашағына игі әсері мол.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |