ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті қызылордалықтар!

Сіздерді Қазақстан Респуб­ли­касының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасының басшылығымен Тәуелсіздік жылдары егемен Қазақстан үшін бірігу мен құрылу, жетістікке жету мен мақсатты идеялардың жүзеге асу кезеңі болды.

Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібі мен әлеуметтік саланың дамуы, тұрғын үй құрылысының қарқыны, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша көшбасшылардың қатарында екенін мақтанышпен айта аламыз.

Аймағымыз бизнес жүргізу үшін ең қолайлы жағдай жасаған үздік облыс деп танылып, «Алтын сапа» сыйлығымен марапатталды. Бұл жетістікке барлығыңыздың еңбектеріңіздің арқасында жетіп отырмыз.

Өңірімізде Индустрияландыру картасы аясында бірқатар ірі жобалар, атап айтқанда: шыны, қорғасын-мырыш өндірістерінің құрылыстары жүргізілуде, цемент зауыты іске қосылды, кальцийлендірілген сода және керамогранит зауыттарының құрылыстарына соңғы дайындық жұмыстары жүруде.

Соңғы 5 жылда облыс бойынша 200-ден астам  әлеуметтік нысандар, 2.7 млн. ш.м тұрғын үй салынды.

Сырдарияның сол жағалауын игеру қолға алынып, 18 көппәтерлі тұрғын үйден құралатын бірінші шағын мөлтек ауданы жаңа жыл басында іске қосылады.

Жуырда Маврикий Республикасының астанасы Порт-Луи қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында бүкіл түркі тілдес әлемнің тарихи тұлғасы Қорқыт Атаның еңбектері адамзаттың мәдени мұрасының тізіміне енгізілді.

Құрметті жерлестер!

Сіздерге зор денсаулық, мол табыс, отбасыларыңызға амандық және молшылық тілеймін! Егемен еліміз ынтымақ-бірліктің жарқын көрінісіне айналып, өсіп-өркендей берсін!

Құрметпен, Қызылорда облысының әкімі

               Қ. Көшербаев.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 желтоксан 2018 г. 583 0