« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Аса қадірлі Елбасы! Мен отбасымның, бала-шағамның, елдің және Сіздің амандығыңызды тілеп отырған қарт анамын. Сіздің әрбір жасаған еңбегіңіз, ақыл-парасатыңыз ел үшін, халық үшін.
Біз 1991 жылы енді ғана еншісін алған жас мемлекет едік, соны жетелеп, жарқын өмірге жеткіздіңіз. Жаңа отбасын құрған жас жанұяға да әрі қарай өсу оңай емес, қазақ елі Сізге сенді, көшіңізге ерді. Жаңа Астана салдыңыз! Бұл халық үшін, келешек үшін жасалған ұлы құндылық. Адам жеке басына үй салғанда да қиналады. Сізді тыңдаған халқымызға да, Сізге де бас ию керек. Сіз 1997 жылы көш көлікті болсын деп көшті бастап кеттіңіз. Сонда жүректі сыздатар қандай сөздер айтылды. Қазір, шүкір, қазақ елі әлемге бейбітшілік бесігі, теңдіктің есігі ретінде танымал, беделі биік, мәртебесі асқақ. Мұның бәрінде өзіңіздің ерен еңбегіңіз жатыр және Сіздің даналық жолыңызға тірек бола білер ынтымағы ұйысқан халқыңыздың бірлік, ықыласы жатыр.
Сіз «Сыр – Алаштың анасы» деген киелі өлке қазір үлкен жетістіктерге жетті. Қаласы құлпырып, даласы дүр сілкініп, еңбек пен берекенің мекеніне айналды. Бұл – сенім, келешекке зор үміт! Алғысымыз шексіз!
1940-1945 жылдары туылғандардың қайбір жетіскен өмірі болды. Қазір бәріне қанағат! Ел еңсесі әркез биік болып, баянды өмірі мәңгілік болсын!
Сәнімжан ҮМБЕТӘЛИЕВА,
зейнеткер.
Қызылорда қаласының тұрғыны
«Сырдария» шағын
ауданы 9 үй, 12 пәтер.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |