ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ӘРКЕЗ ҚОЛДАУ ТАБАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ӘРКЕЗ ҚОЛДАУ ТАБАДЫ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың жұмыс сапары жексенбі күні Қармақшы және Жалағаш аудандарында жалғасты.

Алдымен Төретам кентінде болған аймақ басшысы құрылысы2011 жылы басталып, халық игілігіне берілген "Меруерт” сауда орталығының ашылуында болып, Ұлттық бизнес рейтингтері одағының дирекциясы атынан кәсіп иесі Мырзадәулет Есшановты «Даңқ жұлдызы» орденімен, жұбайы Кенішкүл Есшанованы «Сіңірген еңбегі мен жетістіктері үшін» медалімен марапаттады. Мұнан соң аудан әкімдігінің жанындағы кентті абаттандырумен айналысатын «Туған ел келбеті» ЖШС-ның жаңадан алынған14 техникасымен танысты. Сапар барысында ауданның активімен де кездесу болды. Аудан әкімі Нәжмадин Шамұратов биылғы жылдың алғашқы тоқсанындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын жасады.

Әкімнің айтуынша, жыл басынан бері ауданда бірқатар ауқымды жұмыстар жасалған. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласы бойынша, 20457 гектар жерге егін орналастыру жоспарланып, көктемгі егіске қажетті барлық шара толығымен жүргізілуде. Қазіргі күні ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 367,9 млн. теңгені құрап отыр. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауданда тіркелген кәсіпкерлік субъект саны 2230-ға жетіп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 114 пайызға өскен. 3 айдың ішінде аудан кәсіпкерлері мен тұтынушылары түрлі қаржы ұйымдары арқылы жалпы құны 173896 мың теңгенің несиесіне қол жеткізіп отыр. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша осы күнге дейін 8 жоба ұсынылып, қолдау тапты. Ал, «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы аясында І бағытқа республикалық бюджеттен 198580 мың теңге, ІІ бағыт бойынша 217400 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінде микрокредит беру, қайта даярлау, кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру жұмыстары жасалуда. Жылдың алғашқы тоқсанында 49 жас маман жұмыспен қамтылып отыр. Яғни, ауданда мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы да тиісті деңгейде жүргізілуде. Аудан әкімі жиын кезінде атқарылған жұмыстардан өзге алда орындалуға тиіс міндеттерді де атап өтті.

«Алдағы уақытта Жосалы кенті, Тұрмағанбет және Ақай елді мекендерін сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілетін болады. Кент пен бірқатар ауылдардың көшелеріне орташа жөндеу де жасалады. Сондай-ақ, «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы негізінде 2 жоба ұсындық. Бірі – «Мир-2011» ЖШС-ның «Заманауи технология ендіру арқылы бетон бұйымдары цехы». Екіншісі, Қытай компаниясының филиалы «Weizhong Petroleum Refining and Energy Company Ltd» ЖШС-ның «Мұнай-газ өндіру зауытының құрылысы» жобасын іске асыру. Зауыт іске қосылатын болса, 500 адам жұмыспен қамтылатын болады», – деді Н.Шамұратов. Мұнан әрі әкім ауданға 280 орындық 2 балабақша мен 300 орындық мектеп қажет екенін де айтып өтті. Дегенмен, қармақшылықтар үшін ең басты мәселе «Қожантай» су тоспасының жағдайы болатын. Халықты аяқ сумен қамтып отырған бөгеттің бұзылуы аудан аумағындағы көлдер жүйесіндегі су тапшылығына әкелуде. Бұл өз кезеңінде жайылымдық жерлердің тозып, шабындықтардың тарылуына соқтыруда. Мұның салдары елді мекендердің мал шаруашылығын дамыту мүмкіндіктерін азайтып отыр. Бүгінгі күні малмен айналысатын шаруалар үшін бұл жағдай кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Егер су тоспасы жұмысы реттелетін болса, жалпы көлемі 3 мың гектарды құрайтын көлдер жүйесі қалпына келетін болады. Сонымен қатар, табиғи шабындықтар жасап, жеткілікті жем-шөп қорын дайындауға мүмкіндік туады. Маңызы зор, ауқымды мәселені тыңдаған аймақ басшысы Қ.Көшербаев бұл тұрғыда «Қожантай» су тоспасына қажетті қаржының бөлінетіндігін жеткізіп, аудан тұрғындарының алдында тұрған түйткілді мәселенің түйінін тарқатты. Ал, мектеп пен балабақша жайын облыстық білім басқармасының басшысы Н.Байқадамовқа тапсырып, алдағы уақытта өтетін комиссия отырысына ұсынуды жүктеді.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне «Қорқыт Ата» мемори­алдық кешенінің ұсынылатыны белгілі. Көрме кезінде шет елден келген қонақтар ескерткіш басына тоқталатын болады. Осы ретте, абыз бабаның кешеніне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі «Қорқыт Ата» зиярат ету орталығында да болып, жоба жұмыстарын көрді.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ӘРКЕЗ ҚОЛДАУ ТАБАДЫҚармақшы ауданынан соң сапар Жалағашқа ұласты. Ау­дан әкімдігінің мәжіліс залын­да ауданның әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуы бойынша жиын болып өтті. Онда аудан әкімі Талғат Дүйсебаев өткен мерзімді қорытып, жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыс жайын сөз етті.

Ауданда 1526 шағын кәсіп­керлік субъектілері тіркелген. Онда 6714 адам жұмыспен қам­тылып, ол эконо­ми­калық белсенді халық санының 33 пайызын құрап отыр. Сонымен қатар, 4 айда өндірілген өнім 193,2 млн. теңгені көрсетуде. Бү­гінде «БИС-Групп» ЖШС-ның қызыл мия өсіру және та­мырын өңдеу жобасының 1-ке­зеңі маусым айында іске қо­сылмақшы. Кү­ріш­тің сабанынан қа­ғаз шығару фабрикасын салу да жалағаштықтардың алдағы ме­желерінің бірі. Ауданда 17 елді ме­кен болса, барлығы ау­ыз су жүйесімен қамтылған. Ауыл­ша­руашылық, әлеуметтік, білім са­лаларында да осындай алға ілге­рілеушілік бар. Десек те, аудан бойынша 510 орын болатын 8 балабақшаның қажеттілігі туын­дауда. Сондай-ақ, «Самара-Шым­кент-Мәдениет-Мақпалкөл», «Жа­лағаш-Аққыр» жолдарының 11,1 шақырымына орташа жұмыстар жүргізу үшін ЖСҚ әзірленген. Бі­рақ, бұл жоба қолдау таппай отырған көрінеді.

«2015 жылы «Балапан» бағдар­ламасын іске асыруды толық аяқ­тау көзделуде. Сондықтан қандай істе болмасын мемлекеттің бюд­жетіне қарап отырмауымыз ке­рек. Балабақша салуда жеке кә­сіп­керлерді жұмылдыру қажет. Ал, жолға байланысты айтар бол­сам, қаржы жобалық-сметалық құ­­жат­тан айырылып қалмау үшін мүмкіндікке қарай берілетін бо­ла­­ды», – деді облыс әкімі Қ.Кө­шербаев.

Ауданның маңызды мәселе­лерінің бірі Ш.Ермағанбетова атын­­дағы №246 мектептің ғима­ратына қайта жаңғырту жұмыс­тарын жүргізу болатын. 1975 жылы халық игілігіне берілген білім ошағының жұмысына қазіргі сәтте 53 млн. теңге қаржы қаралған. Ай­мақ басшысы мектепті ара­лап, бітіруші түлектермен жүз­десіп, оқушылардың ҰБТ-ға дайын­дығын талқылады. Олардыңбо­ла­шағына сәттілік тілесті. Осы секілді өңір жетекшісі «Ақтерек» лагерінің жұмысымен де танысып, оның жыл бойы жұмыс жасауын қолға алу керектігін баса айтты.Енді бір мәселе құрылысы бітпей тұрған емхананың желтоқсан айында тапсырылуын облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудан әкімінің міндетіне жүктеді.

Аудандарды аралау барысын­дағы соңғы объекті ауданға қарасты «Таң ЛТД» ЖШС-ның егістік алқабы болды. Онда аймақ басшысы 12 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен картоп егіп жатқан шаруашылықтың жұмысын бағамдады. Қазірде Германиядан арнайы әкелінген «Беллароза», «Элита» тұқымдарын егуге Америкадан алынған құрал-жабдықтар пайдаланылуда. Жал­пы құны 15 млн. құрайтын бұл жобаға «Агромир» ЖШС ин­вес­торлық еткен. Тамшылатып суару әдісі арқылы егілген егіннің әр гектарынан 40 тонна өнім алу көз­делуде. Сондай-ақ, бұл әдіс жы­лына екі рет өнім алуға мүм­кіндік бермек.

 

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 27 мамыр 2014 г. 932 0