« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Аймақ басшысы кәсіпкерлерді Тәуелсіздік күні мерекесімен және «Ең үздік бизнес орта құрғаны үшін» номинациясы бойынша - "Хан Тәңірі" марапатының берілуімен құттықтады.
Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы 3 маңызды мәселе шешіліп жатқанын атап өтті: біріншіден - салық базасының ұлғаюы, екіншіден – жаңа жұмыс орындарының құрылуы және үшіншіден қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығының жақсаруы.
"Біз биыл жалпы бюджеті 32 млрд. теңгені құрайтын кешенді «Жол картасын» әзірледік! Оның ішінде аталған қаражаттың 3 млрд. теңгеден астам бөлігін «Стартап» жобаларға бағыттадық. Жыл басынан бері қайтарымсыз гранттар, несие алудың қадамдық іс-әрекетін, типтік бизнес-жоспарларды әзірлесек, ал жобаларды сүйемелдеу үшін әрбір ауылдық округке облыстық деңгейдегі лауазымды тұлғалар бекітілді. Бұдан бөлек, бекітілген лауазымды тұлғалардың жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша есебін ай сайын тыңдаймыз»,-деді аймақ басшысы.
Атап өту қажет, егер жыл басында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 37 450 бірлікті құраса, онда ағымдағы жылдың 10 айдағы қорытындысымен оның саны 42 066 бірлікке жетті. Яғни жыл басынан бері жұмыс істеп тұрғандардың санын 4616 бірлікке толықты. Өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 12,7% болды. Сондай-ақ, егер жыл басында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішіндегі жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 75 пайыз болса, онда ағымдағы жылдың 10 айында оның үлесі 81 пайызға жетіп, өсім 6 пайызды құрады.
Кездесуде "Жан Арай" ЖШС директоры Бақдаулет Мақашов, "Асбол" ЖШС директоры Ғани Пірімжанов және жас кәсіпкер, "Zhas project" республикалық байқауының қатысушысы Ердаулет Есмағанбет сөз сөйледі. Сондай-ақ, өңірдің бірқатар кәсіпкерлері облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері 1 300 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 4,2 млрд. теңге шағын несие берілді. Өткен жылмен салыстырғанда шағын несиелер көлемі 2 еседен астамға өсті. "Бизнестің Жол картасы-2020" бағдарламасы аясында "Кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" компоненті бойынша қазіргі таңда жалпы құны 9,5 млрд.теңгеден астам 150 кредит мақұлданды. Ал несие бойынша ішінара кепілдікті жалпы құны 1,5 млрд. теңгеге шағын және орта бизнестің 63 субъектісі алды. Ұсынылған кепілдіктің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты.
Сонымен бірге, бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында өңірде 14 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды.
Сондай-ақ, облыста әкімшілік кедергілерді қысқарту бағытындағы жұмыстар да өз жалғасын табуда. Өткен жылы республика бойынша алғаш рет Қызылорда қаласында толық форматтағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылды. Бүгінгі күні орталық «бір терезе» қағидатымен кәсіпкерлерге 40-тан астам, оның ішінде жер, сәулет және құрылыс, инженерлік желілерге қосылу мәселелері бойынша қызмет түрлерін тегін көрсетуде. Өзге өңірлердің делегациялары Қызылорданың Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмыс тәжірибесімен алмасуда.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |