Қолайлы орта қалыптасты

Бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасалса, бұл, әсіресе, өз ісін бастаушыларға тиімді. Мен 2015 жылдан бері бизнес-жоспарымды жасап, жұмысымды жолға қою үшін еңбектеніп келемін. Осы уақыт ішінде «Әсем тас» деген серіктестік құрып, тас төсеніштер, брусчатка, бордюр, плитка, легокірпіш өндірісінің қыр-сырын  едәуір меңгердім.

Кәсіпкерлік палатасы арқы­лы өңірлік инвестициялық орталықтан барлығы 12 млн теңгедей қаражат алып, 10 адамды тұрақты жұмыспен қам­тыдық. Биыл 1200 мың теңге қайтарымсыз грант алып, жұ­мысымыздың  ауқымын кеңейт­тік. Қазір ана шеті Түркістан облысы, мына шеті Арал ауданы біздің өнімдерімізді пайдаланады. Шикізатты да алыстан тасымаймыз, өзіміздің Жаңақорғаннан шығады. Қыс түссе де жұмыс қарқыны бәсеңдеген жоқ, өйткені сұраныс жоғары.

Біздің өнім «Қазақстанның үздік тауары – 2018» облыстық көрме-байқауының «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша жеңімпаз атанған еді. Республикалық көрме-бай­қауына жолдама алдық. Осы жолы «Алғыс хатпен» оралдық.

Астанада өткен телекөпірге қатысып, аймақ басшысының біздің облыста қалыптасқан үздік бизнес орта үшін марапат алғанына бәріміз қуандық.  Лайықты сыйлық, өйткені біздің өңірде өз ісін бастаймын, іргесін кеңейтемін деген азаматтарға қолдау көрсетудің жүйесі жасалды.

 

Жомарт ШАУЕНОВ,

«Әсем тас» ЖШС құрылтайшысы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 желтоксан 2018 г. 493 0