« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылордада облыстық ауыл әйелдерінің форумы болып өтті. Қазіргі таңда республиканың ауыл-селоларында Қазақстан халқының 40,3 пайызы тұрады, оның жартысы - әйелдер.
Аталмыш шараның мақсаты - ауылдық аумақтарды дамыту, ауыл әйелдерінің мәртебесін арттыру. Форумға батыр аналар, аудандарда әр салада қызмет жасап жүрген әйел-аналар, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аталмыш форумды Қызылорда облысы әкімі орынбасары, облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Рүстемов Руслан Рүстемұлы жүргізіп отырды.
Сыр өңірінде отбасымен қоса еңбектің ұйытқысы бола білген Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана Сәлима Жұмабековаға «Ғасыр Ана» номинациясы және бүгінгі қоғамның дамып, өркендеуіне әр салада жүріп өзінің сүбелі үлесін қосып, адал еңбегін арнаған 35 әйел-аналарға «Үздік білім қызметкері», «Үздік медицина қызметкері», «Үздік фермерлік және шаруа қожалығының басшысы», «Үздік пошта немесе өндіріс қызметкері», «Үздік сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес басшысы» номинациялары бойынша аймақ басшысы атынан дипломдар табысталды.
Сонымен қоса шарада қоғам қайраткері "Ұрпақтан-ұрпаққа" қоғамдық бірлестіктің жетекшісі А.Божанова, Жаңақорған ауданы, Кеден ауылдық округіне қарасты Аққұм ауылының тұрғыны, ІІ топ мүгедегі, қолөнерші Орал Қасиет Қалдыбайқызы өз баяндамаларын оқып, "Ауыл әйелінің бір күні" атты Жалағаш ауданының тұрғыны, малшы Қ.Қанатбаева жөнінде бейнеролик көрсетілді.
«Биылғы жылы Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлік дамыту жылы деп жарияланды. Оның кәсіпкерлеріміздің жұмысын тиімді жүргізуіне септігі тигендіктен, облыс әкімі бұны әрі қарай үш жылға созу жөнінде шешім қабылдады. Бұл ретте, өңірлік кәсіпкерлікті амыту үшін бюджеті 32 млрд теңгені құрайтын кешенді Жол картасы әзірленді. «Старт-ап» жобаларға 3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде, ауылдық жерде ауылшаруашылық кешенін дамытуға 8,8 млрд теңге қаржы қарастырылған. 2017 жылы 2 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылықты біріктіріп, 80 кооператив құрылды. Өңірлік инвестициялық орталық арқылы облыстық бюджеттен шағын несиеге
1 млрд теңге бөлініп, бүгінгі таңда 258 жоба қаржыландырылды, оның ішінде 112 жоба әйел кәсіпкерлерге тиесілі. Сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» Қызылорда филиалынан 2017-2018 жылдар аралығында 2,4 млрд теңгеге 760 несие әйел кәсіпкерлерге берілді. Қазір табысты бизнесті жүргізу үшін жақсы жағдай бар. Тек жұмыс істеу, тәжірибе алмасу және қиындықтардан қорықпау керек», - деп атап өтті Р.Рүстемұлы.
Әйелдер қазір өмірлік маңызды салаларда жұмыс істейді. Статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда барлық педагогтардың 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 87 пайызы әйелдер болып табылады. Барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің 65 пайызы әйелдердің үлесінде. Мемлекеттік басқарудың барлық жүйесі көп жағдайда олардың кәсібилігінің арқасында жұмыс істеп тұр.
Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 35,4 пайыз. Саясатта да әйелдердің тұлғасы биіктей түсті.
Бұған дейін облыста түрлі деңгейдегі депутаттардың 9 пайызын әйелдер құраған болса, соңғы кезектен тыс өткізілген сайлауда депутат әйелдердің саны 21 пайызды құрап отыр.
Қызылорда облысы бойынша 2018 жылдың 1 қазанына «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына 27741 қатысушы енгізілсе, оның ішінде әйелдердің меншікті салмағы 47,4 пайызды құрады (13151 әйел).
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |