Байқоңырдан «Союз МС-11» ғарыш кемесі ұшырылды

Кеше, 3 желтоқсан күні 17 сағат 31 минут 52 секундта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-11» көліктік басқарылатын кемесі бар «Союз - ФГ» зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) кемесі бортының экипаж құрамында кеме командирі, ресейлік ғарышкер Олег Конаненко, №1 бортинженер, канадалық Давид Сен-Жак және №2 бортинженер, америкалық ғарышкер Энн Макклейн бар.
Байқоңыр ғарыш айлағы мен Ұшу сапарларын басқару орталығының хабарламасына сәйкес, ұшырылым процесі штатты режімде өтті. Есептелген уақытта «Союз МС-11» кемесі зымыран-тасығыштың үшінші сатысынан ажырап, орбитаға шықты. Экипаж өзін жайлы сезінуде. Ғарыш кемесінің ХҒС-пен түйісуі «қысқа» сызба бойынша автоматты режімде жүзеге асырылады деп жоспарланған. Старттан соң алты сағат өткеннен кейін ХҒС 58/59 экспедициясының экипажы ХҒС-ға жетуі тиіс.  
Айта кетейік, қазіргі таңда ХҒС-та ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев, Еуропалық ғарыш агенттігінң астронавты Александер Герст пен америкалық астронавт Серена Ауньон Ченселлор жұмыс істеп жатыр. Он күннен кейін олардың Жерге оралуы күтілуде. Осыдан «Союз МС-11» кемесінің командирі Олег Кононенко экипажы станцияға келіп, бірден ХҒС командирі міндетін өзіне алады. ХҒС - 58/59 экипажына көптеген ғылыми тәжірибелерді іске асыру міндеті жүктелген. «Союз МС-11» көліктік басқарылатын кемесінің бүгінгі сәтті старты 11 қазан күні «Союз МС-10» кемесі бар «Союз ФГ» зымыраны апатқа ұшырағаннан кейін жасалған алғашқы ұшырылым.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 желтоксан 2018 г. 780 0