ЮНЕСКО-ның Қорқыт ата эпосын материалдық емес мәдени мұра объектісі деп танығаны заңды мәселе. Осылай болуы керек.
Қорқыт ата - түркі халықтарының ортақ мұрасы мен байлығы. Ол қазақстандықтар мен әзірбайжандықтарға, қырғыздарға, өзбектерге де қатысты. Сондай-ақ, оның адамзаттың әлемдік мәдени мұрасы ретінде тануы біздің тарихымызға қатысты дұрыс шешім болып отыр.
Қорқыттың аңыздары біздің «Мәңгілік ел» ұлттық идеясымен үйлеседі. Ол өлімді болдырмайтын мәңгілік өмірді іздейді. Менің ойымша, олармен тікелей байланыс біздің ұлттық идеямыздың дұрыстығын растайды.
«Қорқыт ата» эпосын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы деп тану біздің мәдениетіміз бен тарихымыздың маңыздылығын арттырады.
Хангелді ӘБЖАНОВ,
тарих ғылымдарының докторы,
профессор.