« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
2011 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» заң қабылданған болатын. Осының негізінде 2012 жылдан бастап елімізде 1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтіп келеді.
Тарихқа шегініс жасасақ, 1991 жылдың дәл осы күні қазақстандықтар өз таңдауын жасады, еркін елдің болашағын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сеніп тапсырды. Содан бергі ширек ғасырдан астам уақыт ел таңдауының шын мәніндегі тарихи шешім болғанын дәлелдеді. Ел сенімін арқалаған Елбасы әлем картасында жаңадан пайда болған жас мемлекетті аз жылда әлемдік қауымдастыққа танытты.
Бүгінгі таңда қазақстандықтар барлық жетістікті, әр саладағы сәтті қадамдарды Елбасы есімімен тікелей байланыстырады. Еркіндікті енді алған сәтте-ақ Семей полигонын жабу, тәуелсіздігіміздің тірегі – Астана қаласын салу, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төраға болу, осы ұйымның Астана Саммитін өткізіп, Астана Декларациясын қабылдау, 2011-2012 жылдары Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына басшылық ету, елордада ЭКСПО көрмесін өткізу секілді жетістіктерге Елбасымыздың сындарлы саясаты арқасында қол жеткіздік.
Қазір тәуелсіз қазақ елінің тарихы жасалды. Ол еркін елдің іргетасын қалап, керегесін керіп, шаңырағын көтерген, іргесін кеңейткен, оны әлем елдері мойындаған мемлекетке айналдырған Елбасы есімімен тығыз байланысты.
Қазақстан қоғамы егемендік алған алғашқы жылдармен салыстырғанда экономика саласында серпінді қадамдар жасап, елеулі жетістіктерге қол жеткізді.
Тұңғыш Президент күні мерекесі – мемлекеттің үстем мерейі, үлкен мәртебесі. Өйткені, бұл өрлеудің, өркендеудің, жаңғырудың, жаңашылдықтың өлшемі. Тарихи деректерге жүгінсек, мемлекетті қалыптастырудың бастауында тұрған тұлғаны ұлықтау, егемен елдің іргетасын қалаған қайраткерді ардақтау әлем елдерінде, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, демократиялық тұрғыдан қарыштап алға кеткен іргелі мемлекеттерде қалыптасқан дәстүр екеніне көз жеткіземіз.
Елдік дәрежедегі елеулі мерекеге айналған Тұңғыш Президент күні – тәуелсіз, қуатты мемлекет қалыптастырған Елбасының тұлғасын айшықтайтын маңызды мереке ретінде тарих көшіне жалғаса береді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |