ӘЛЕМ САЯСАТКЕРЛЕРІ ЕЛБАСЫ ЖАЙЛЫ

Дональд Трамп, Америка Құрама Штат­тарының Президенті:

«Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев мырзаға ЭКСПО-2017 арқылы энерге­тика­лық қауіпсіздік мәселелері бойынша жаһан­дық үнқатысуды ілгерілетудегі көрегендігі мен көш­басшылығы үшін ризашылығымды білдіре­мін. Өзара құрмет пен ортақ мүдделерге негіз­делген АҚШ пен Қазақстан арасындағы страте­гиялық әріптестіктің әрі қарай нығая түсетініне үміт­тенемін». 

Владимир Путин, Ресей Федера­циясының Президенті:

«Нұрсұлтан Әбішұлы саясатқа ерте келген. Ол сонау кеңестік кезеңдегі биліктің өкілі. Мені таң қалдыратыны – ерте уақыттан бері саясатта жүргенімен ол – өте жаңашыл адам. Мен күні бүгінге дейін оның осы жаңашылдығына қайран қаламын. Мен жақында Нұрсұлтан Әбішұлының жаңа қасиетін таныдым. Ол даулы, шешімі қиын жағдайларда сентименталды адам бола алады. Ол – ұқыпты әрі әділ басшы. Қазақстан үшін Назарбаев – тарихи тұлға».

Реджеп Тайып Эрдоған, Түрік Респуб­ликасының Президенті:

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі жұртының ақсақалы. Біз Нұрсұлтан Назар­баевтың халықаралық бастамаларына әрқашанда ашықпыз әрі зор құрметпен қабылдаймыз. Қа­зақ­стан Президентінің түркі әлеміндегі беделі биік, Нұрсұлтан Назарбаевтың барша түркі халықтарының басын біріктіріп, бауырлас түрік елімен қарым-қатынасты нығайтуға сіңірген ерен еңбегін атап өтпеуге болмайды». 

 Си Цзиньпин, Қытай Халық Респуб­ликасының Төрағасы:

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында біздің елдеріміздің арасында әріптестіктің мықты іргетасы қаланған. Президент Назарбаев елдеріміздің достығын нығайту үшін қаншама жыл аянбай еңбек етті. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты дамытуға зор үлес қосқан Нұрсұлтан Назарбаевты Қытай елі жақсы біледі және аса құрметтейді».   

Ильхам Әлиев, Әзірбайжан Респуб­ликасының Президенті:

«Аймақтағы бейбітшілікке бағытталған Қа­зақстан басшылығының жүйелі дана саясаты көбіне қауіпсіздікті нығайтуды көздейді. Қазақстан тұғыры биік, тегеуріні мықты мемлекетке айналды. Сондықтан да аймақтық мәселелерді шешуде Қа­зақстанның рөлі мен маңызы арта түсуде, ал біз бұл мемлекеттің жетістігіне әрқашан да қуаныштымыз. Мен Қазақстанның жаңа елордасын көріп, қарқынды құрылыспен салынып жатқан жаңа қаланың көркіне тәнті болдым».

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қараша 2018 г. 421 0