« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қорқыт ата шығармасы адамзат тарихында өзіндік ерекше орны бар рухани қазына екендігі қазірге дейін жүргізілген аса байыпты зерттеулердің арқасында анықталып, ЮНЕСКО тізіміне алынды. Бұл күллі жұрттан сүйінші сұрайтын жаңалық. Данагөй баба мұрасын зерттеугеТүркия, Қазақстан, Әзірбайжан, өзбекстан және түркіменстан ғалымдары елеулі атсалысып келе жатыр.
Ал Қорқыт ата дастандарының ЮНЕСКО-нің тізіміне алынуының басты себебі баба мұрасының адам баласының мәңгілік философиялық сұрағын шешу үшін ой қорытуға жетелеп отыруында жатыр. Қорқыт ата еңбегі көне дәуірдің мұрасы ретінде Еуропа ғалымдары тарапынан ертеден зерттеле бастаған. Олар Қорқыт дастандарын бірде Гомер шығармаларымен, бірде Гілгәмеш дастанымен ұштастырып, шығарманың адам тарихындағы құнды туынды екендігін дәлелдеуге өздерінің салмақты уәждерін айтып келеді.
Біріншіден, немістің танымал дипломат, шығыстанушысы Генрих Фридрих Фон Диц (1751-1817) тұңғыш рет 1811-1815 жылдар аралығында Дрезден қаласындағы Қорқыт дастанының қолжазба түпнұсқасын зерттеп, зерделеген соң оның толық жаңа нұсқасын Берлин кітапханасына дайындады. Сол жұмыстың барысында қолжазбаның «Төбе көз» дастанын неміс тіліне аударды. Генрих Фон Диц аталған жұмыстарды атқарған маман ретінде Қорқыт дастанның шығу тарихына орай Қорқыттың «Төбе көз» дастанын герктің әйгілі ақыны Гомердің (б.з.б.VIII) «Одиссея» эпосымен салыстырып қорытынды жасаған. Ол онда: «Гомер «Одиссея» эпосындағы бір көзді дию дастанын Қорқыт дастанынан көшірген немесе Қорқыт дастанының мазмұнынан хабардар болған, оған еліктеп жырлаған» – деген ой айтқан. Өйткені Гомердің диюы барлық жағынан Қорқыт дастанындағы Төбе көзге ұқсас келеді.
Оғыздар – түрік халықтарының өте көне заманнан келе жатқан тайпасы. Олардың басым бөлігі XI ғасырға дейін көшпенді болған. Маһмұт Кашғаридің «Диуан-е лұғат түрік» атты еңбегінде оғыздардың жиырма төрт тайпадан құрылған жайын әңгімелейді. Оғыздар X ғасырда Сыр бойынан әртүрлі тарихи себептерге байланысты көше бастаған. Солардың бір бөлігі Әзірбайжанда қоныстайды. Сонда Қорқыт ата дастаны Арал теңізі төңірегі, Сыр бойында отырған оғыздар арқылы Әзірбайжан өлкесіне жетеді. Дастандар жаңа өлкеде сол жердегі жаңа оқиғаларға сәйкес жаңаша тілдік һәм мазмұндық тұрғыдан жырлана басталған. В.В. Бартолд (1869-1930) түркітанушы, ирантанушы ғалым ретінде ең көп зерттеген зерттеуші ретінде оғыз тайпалары жайында былай: «Оғыздар Сыр бойынан түріктердің пірі, сүйікті жырауы һәм түркілік сананын қалыптастырушы Қорқыттың аңыз-әңгімесін батыс жаққа алып барды. Сондықтан Қорқыттың әдеби үлгісі түрікмендер арасында күні-бүгінге дейін бар. Орта ғасырлар да Қорқыттың аңыз-әңгімесі Анадолы топырақтарында да танымал болған. Османлы империясы кезінде XVII ғасырға дейін Әзірбайжанда таралу қарқыны күшті болған. Тіпті X ғасырға түріктердің бір бұтағы болған пешенектер арасында да Қорқыт есімі белгілі болған.
Осындай байыпты зерттеулерге қарағанда Қорқыт ата шығармасы түркілер үшін елдік танымының ортақ идеясы ретінде түркілердің ежелгі дәуір мен кейінгі дәуірін жаллғастырушы көпір іспеттес.
Ислам Жеменей,
Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті-«Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымының докторы, профессор.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |