« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қорқыт мұрасы тегіс түркі жұртына ортақ. Сондықтан Қорқыт ата мұраларының ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енуі – түркі жұртының қуанышы. Әсіресе, Сыр бойындағы халық Қорқыттың есімін ерекше құрметтейді. Аңыз бойынша Қорқыттың зираты бірнешеу болғанымен, Қармақшыдағы зиратты зиярат етеміз, Қызылордада Қорқыт атаға деген құрметтің қалыптасқан үрдісі бар.
Қорқыт атаның адамзат тарихындағы орны ерекше. Ол есте жоқ ескі заманнан бері шешілмей келе жатқан мәңгілік өмір түйінін тапқан. Мәңгілік өмір бар ма? Адам туады, өмір сүреді, дүниеден өтеді. Бұл – табиғи заңдылық. Аңызда Қорқыт дүниенің төрт бұрышына барса да, өзіне қазылып жатқан көрге кезігетіні айтылады. Сонда ол ажалдан ешкім қашып құтыла алмайтынын біліп, мәңгілік өмірдің кілтін іздейді. Мағжан ақын айтқандай, «Алтайдың алаптарын жалғыз кезіп» жүргенде, өмірді мәңгілік ететін – өнер деген байламға бекиді. Сол жерде қобызынан төккен күйі осы күйлер бүгінге жетті. Бұл күйлер –мәңгілік ғұмыр туралы музыкалық байламдар.
Қорқыт өнерге айналдырған өмір мәңгілік деген ой түйіп, күйлері арқылы өнеге қалдырды. Егер өмір өнер дәрежесінде болмаса, адамзат тірліктен қажиды. Сондықтан Қорқыт сияқты ғұламасы бар халықты – Мәңгілік ел деп айтуға толық негіз бар.
Ғарифолла ЕСІМ,
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |