| « Желтоксан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «ҚазГермұнай БК» ЖШС-ның Бас директоры қызметін атқарған Есен Қайыржанды басқа жұмысқа ауысуына байланысты құттықтап, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін облыстың Құрмет грамотасымен марапаттады.
Есен Қайыржан мұнай өндіру саласында 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Соның 23 жылын Сыр өңіріндегі мұнай саласының өсіп-өркендеуіне арнаған.
«ҚазГермұнай БК» ЖШС ширек ғасырлық тарихында еліміздегі айтулы мұнай өндіруші компаниялар қатарынан көрініп, үлкен жетістіктерге жетті. Оған қоса әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, жақсы бастамалардың бел ортасынан табылды.
Сондай-ақ, аймақ басшысы «ҚазГермұнай БК» ЖШС Бас директоры қызметіне кіріскен М.Мұстафаевты таныстырды. Жаңа басшы Сыр өңірінің тумасы, еліміздегі ірі мұнай компанияларында еңбек етіп, «Қазақ мұнай газ ғылыми- зерттеу және жобалау» институты акционерлік қоғамын басқарған.
«СБ» ақпарат.
| « Желтоксан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||