| « Желтоксан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||
Ел экономикасы үшін тиімді тетік саналған мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің нәтижесі сезілуде. Әсіресе, соңғы жылдары ел құлағына сіңісті болған билік пен бизнес арасындағы қарым-қатынастың жаңа белесі талай ауыл-аймақтағы жоқтың орнын толтырғаны рас.
Облыс орталығындағы «Тарлан» спорттық-сауықтыру кешені, 400 келушіге арналған емхана, Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылындағы дәрігерлік амбулатория, Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде 90 орынға арналған балабақша, жақында ғана пайдалануға берілген Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылындағы спорттық-сауықтыру кешені секілді тізбектесек жалғасып кете беретін осындай игілікті істер мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің айқын нәтижесі.
Мамандар пікіріне сүйенсек, бұл дамыған мемлекеттер тәжірибесінде бар. Тиімділігі, мемлекет өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асырады және инфрақұрылымдық жүйелерді дамытуды жылдамдатады. Бұл орайда жергілікті бюджетке түсетін ауыртпалық айтарлықтай жеңілдейді. Тағы бір айта кетерлігі, озық технологиялар мен тәсілдерді пайдалана отырып, қоғамның әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Жұмыссыздық мәселесін шешуде де тиімді екенін ескерген жөн.
Ал, инвестор өзінің орындаған жұмысы, салған объектісі және көрсеткен қызметтік шығындары мен белгілі бір деңгейдегі пайданы МЖӘ шартының талаптарына сәйкес өтей алады және оған мемлекет кепіл беретіндігі. Атап айтарлығы, бизнес мемлекетпен ұзақ мерзімді, тұрақты шарт жасай отырып, болашаққа жоспар жасай алады.
Күз басында облыста Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы өтті. Сонда отырыс жұмысын қорытындылаған комитет төрайымы Б.Әйтімова: «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынған бірқатар балабақша, нысандардың жұмысымен таныстық. Әріптестерімізбен бірге Қызылорда облысындағы бұл тәжірибені үздік үлгі ретінде республика бойынша енгізу керек» дегенді алға тартқан еді.
Аймақ басшысы бұл ретте «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін нақты инвесторлар қызығушылық танытқан жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін ғана пайдалану керек. Өйткені жобаларды іске асыру инвестор үшін кіріс деңгейін қамтамасыз етіп ғана қоймай, мемлекет тарапынан оларға өтемақы мөлшерін барынша азайтуға, қажетсіз шығындарды жоюға мүмкіндік береді» деген еді.
Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының мәліметі бойынша, өңірімізде экономиканың барлық салаларында 75 мемлекеттік-жекеменшік жоба жүзеге асу барысында. Оның ішінде денсаулық сақтау саласында – 30, денешынықтыру және спорт саласында – 12, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында – 10, білім саласында – 7, цифрландыру бойынша – 6, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында – 5, мәдениетте – 2, әлеуметтік қамсыздандыру, қоғамдық тәртіп және экология салаларында 1 жобадан бар.Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.
| « Желтоксан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||