Ұлы дала тарихын жаңаша бағамдау

 Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы елдің рухани жаңғыруына, ұлт мұрасын жаңаша зерттеп, зерделеуге жол ашып, өткенімізді тарих тұғырынан бағамдауға үндейді. 

Осыдан 7000 жыл бұрын қазақ жерінде жылқының қолға үйретілгенін археолог ғалымдардың зерттеулері дәлелдеп отыр. Сол замандарда арғы бабаларымыздың ер тоқым, үзеңгіні ойлап табуы, XVIIІ ғасырда Англияның техникалық прогреске ұмтылуымен пара-пар дүние. Англия техникасы арқылы басқа елдерден үстем тұрса, Ұлы даланы мекендеген жауынгер халық та кезінде өзге елдерге дес бермеді. Үзеңгіге табан тіреген адамның ат үстінде нық отырып садақты да, қылышты да қолдана алатыны белгілі. Тіпті, олардың тұрмыстық заттарды жасап шығаруы, киім кию мәдениеті басқа халықтарға үлгі болғаны туралы нақты деректер бар. Сондықтан, Елбасының бұл мақаласы жаңа зерттеулерге жол ашатыны анық. Қазір қазақ елі дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етті, озық елдер санатына тек экономикалық жетістіктерімізбен емес, рухани мол мұрамызбен қосылуымыз қажет.

Сайлаубай ЖҰБАТЫРОВ

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайратері.

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қараша 2018 г. 844 0