Ұлттық мұра ұлықталуы тиіс

Бұл мақала Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының заңды жалғасы деп есептеймін. Оның бір бағыты – аң стилі өнері. Өйткені бұл ежелгі тұрғындар мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі саналған.
«Аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген», – делінген Елбасы мақаласында.
Мақалада, сонымен қатар, атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, «Алтын адам», Ұлы Жібек жолы сияқты бағыттар қамтылған. Қазақтың осы секілді ұлттық құндылықтары мен жәдігерлерін көздің қарашығындай сақтау – аманат. Ал мұраларымызды түгендеп, жарыққа шығару – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін міндеті.

Сәкен АЛДАШБАЕВ,
облыстық «Сыр дидары» газетінің
бас редакторы
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қараша 2018 г. 550 0