Нұрсұлтан Назарбаев: Алтай - Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Президент мақаласы тарихымыздағы елеулі оқиғалар мен кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлердің өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысын айғақтатйынын айтып өткен.

Сонымен қатар Алтайдың қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында алар орны ерекше екеніне тоқталған. «Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды», дейді Елбасы мақаласында. Қазақстан жеріндегі ежелгі қалалардың әлем тарихында алар орны туралы айта отырып, Қожа Ахмет Ясауи мен Әбу Насыр Әл-Фарабидің қазақ топырағында ғұмыр кешкенін айтып өткен. Елбасының айтуынша, орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашқан.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қараша 2018 г. 673 0