« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Аймақтағы ауылдардың алды көгілдір отын игілігін көре бастады. Шиелі ауданына жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ы.Жақаев ауылдық округі тұрғындарының қуанышына ортақтасты.
Айта кетейік, бүгінде облыс тұрғындарының 63 проценті табиғи газ тұтынып отыр. Бұл тізімге ауылдар арасынан алғашқы болып Ы.Жақаев және Бидайкөл елді мекендері қосылды.
– Мемлекет басшысының қолдауымен басталған стратегиялық маңызы бар «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры Сыр еліне сәтті мүмкіндік берді. Олай дейтінім, облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры өңірді газдандыруға жол ашты. Бұл осыған дейін Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарының орталықтарын, өткен жылы Байқоңыр қаласын газдандыруға ықпал етті. Міне, енді кент орталығынан бөлек, ауылдық жерлерді де газдандыру жұмысы жүргізілуде, – деді аймақ басшысы.
Ауыл тұрғыны, Әуелбековтер отбасының келіні Ләззат Пәрменқұлова үйіне алғашқылардың бірі болып газ тартылғаны үшін өте қуанышты.
– Бұған дейін пешті қолмен жағып, әбден әбігерге түсетін едік. Отын сатып алып, тағы екі есе шығындаласың. Енді осы қиыншылық артта қалды. Үйді газбен жылыту әр қыс сайын сатып алатын көмір бағасына қарағанда әлдеқайда тиімді екен. Қазірдің өзінде үйіміз жылынып, жайлылықты сезініп үлгердік, – дейді ол.
Шиелі ауданы бойынша бірінші кезекте бес елді мекенге газ жеткізу көзделген. Қалған ауылдар рет-ретімен қосылады. Ал облыстағы 3 аудан орталығы – Жосалы, Тереңөзек және Жалағаш кенттеріне газ тарту шаралары биыл аяқталуы тиіс. 2019 жылы кентішілік газ желілерінің құрылысы басталады. Осылайша 2020 жылға қарай қызылордалықтардың шамамен 95 проценті көгілдір отынның игілігін көретін болады.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |