« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сейсенбіде облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясы өтіп, онда 2018-2020 жылдарға арналған аймақ бюджеті нақтыланды. Сессияға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
– Бүгін сессияның күн тәртібінің қарауына аймақ бюджетін нақтылауды ұсынып отырмыз.Үнемделген қаржыларды Елбасының биылғы қазан айындағы Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға және өңірдің кезек күттірмейтін басым бағыттағы шығындарына жұмсау көзделуде, – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысының айтуынша, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында шағын қалалар мен ауылдарда кәсіпкерлікті дамытуға 131,2 млн теңге несие қаржысы қарастырылған. Сонымен қатар, келісілген жоспарға сәйкес, облыстық бюджет есебінен 800 адамды «Бизнес-Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқытуға 36 млн теңге бағытталған. Аталған жоба бойынша 1600 адамды оқыту жоспарланып, оның 800-і республикалық бюджет есебінен оқу курстарын бітірген. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту инвестиция тартудың тиімді құралы әрі кәсіпкерлікті дамытуда әлеуеті зор екені белгілі. Қазір өңірде жалпы құны 34 млрд теңгеден асатын түрлі салада 75 жоба іске асуда. Осының аясында денсаулық сақтау, білім, спорт саласы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жобаларды әрі қарай дамытуға 153 млн теңге бағыттау көзделіп отыр. Сондай-ақ, жаңадан іске қосылған 13 білім беру нысанының шығындарын өтеуге 178 млн теңге және Қызылорда қаласындағы мектептердің оқушылар контингентінің көбеюіне байланысты 111 жиынтық-сыныптарын қаржыландыруға қосымша 90 млн теңге қарастырылуда.
– Жылдың аяқталуына небәрі бір жарым ай ғана уақыт қалды. Барлығымыздың міндетіміз – жылды оң нәтижемен қорытындылау. Өнеркәсіптің өндіріс көлемінің төмендеуіне қарамастан, жүйелі қабылданған шаралар нәтижесінде 2017 жылдың қорытындысымен Жалпы Өңірлік Өнім (ВРП) бойынша оң векторға шықтық. Бұл межені мұнайдың жыл сайынғы және бүгінгі таңда уран өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, биыл да сақтаймыз деп отырмыз», – деді облыс әкімі.
Бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Мәселен, соңғы үш жылда өңдеуші өнеркәсіпте негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 есеге жуық, жұмыспен қамтылғандар саны 55 процентке, еңбек өнімділігі 18 процентке өскен. Жыл аяғына дейін тампонажды цемент зауыты, балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехы, ал 2019 жылы шыны зауыты мен жылына 1,5 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы іске қосылады. «Баласауысқандық» кен орнында ванадийдің бес тотығы өндірісі қуаттылығын арттыру, тұзды қайта өңдеу және кальцийленген сода зауытының құрылыс жұмыстары жалғасуда. Аймақтың маңызды саласы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі жыл қорытындысымен 2017 жылға қарағанда өсім 4,5 процентті құрайды деген болжам бар. Ал, атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 2,2 процентке, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 667,4 мың шаршы метрді құрап, 9 процентке өсуі ықтимал.
Әлеуметтік сала бойынша биыл 10070 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, 10 айдың өзінде 10605 жұмыс орны құрылып, жоспар 5,3 процентке артығымен орындалған.
Сессияда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшылары хабарлама жасап, шешімдер қабылданды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |