АУЫЛ АЖАРЫ – АЗАМАТТАР АБЫРОЙЫ

 Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Сырдария және Жалағаш аудандарында болды. Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

Аймақ басшысы, алдымен, Сырдария ауданы Бесарық елді мекенінің тыныс-тіршілігімен танысты. Онда «Жаңадария» каналына салынған жаңа көпір назарға ұсынылды. Жаңа нысанның құрылысына 239,43 млн теңге жұмсалған. Ұзындығы – 60, ені – 13 метр. Бірнеше тонна ауырлықты көтеруге қабілетті көпірмен күнделікті жүздеген көлік қатынайды. Облыс әкімі көпір басында жұртшылықпен емен-жарқын дидарласып, тіректі елді мекен ретінде Бесарық басқа ауылдарға үлгі болуы тиіс екенін жеткізді.

«Абай-Дәулет» ЖШС ауыл экономикасын дамытуға атсалыса бастағалы мұнда оң өзгерістер анық байқалады. Серіктестік құрған «Бесарық» шаруашылығы тұрғындардың тұрмысын түзеп, елбайлығын еселеуге септігін тигізіп келеді. Биыл аялдама салынды. Орталық алаң, аллея, мешіттің айналасы абаттандырылды. Ауыл паспорты ауыстырылды. Инвестордыңмектеп, балабақша, мәдениет үйіне жасаған қолдауы да жетерлік. 

Ауылдағы №147 орта мектеп оқушылары бүгінде инвестордың демеушілігімен ағылшын тілін үйренуге денқойды. Білім ошағында жастармен жүздескен облыс басшысы тіл білу заман талабыекенін, оларға ел үлкен сенім артатынын жеткізді. Сонымен бірге, мұнда балалардыңдзюдо, бокс, таеквондо сияқты спорт түрлерімен айналысуы үшін үйірмелер жұмысістеп тұр. 

Серіктестік директорыМұрат Сәр­сен­баевтың айтуынша, шаруашылық аграрлық саланы әртараптандыруғаайтарлықтай үлес қосып үлгерді. Оның ішінде биыл 14 гектар жерге картоптың жаңасортын егіп, тәуір өнім жинады. Бесарықта егілген қауын-қарбыз сұранысқа ие.Диқандар енді «Сыр дәні», «Сыр тұзы» секілді брендтік өнім түрлерін шығаруғакірісті. 

Аймақ басшысы оданкейін шаруашылықтың өндірістік базасына ат басын бұрды. Бұл жердегі зауыттардыңбірінде жылына 3,3 млн кірпіш шығарылады. Қазіргі уақытта Қызылорда қаласындаСырдарияның сол жағалауындағы үйлерді салуға осы зауыттың өнімі қолданылуда. Алжем зауыты жем-шөп түрлерімен облыс­ты қамтамасыз етіп отыр. Одан бөлек,өндірістік база жұмысшылары 5 гектар аумақта дәмі тіл үйірерлік алма түрлерінөсіреді. 

Осы күні облыс әкімі Қ.Көшербаев аудан орталығындағы қоныс тойына қатысты. Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған үйлерден 42 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Олардың қатарында бюджеттік сала қызметкерлері, баспанасы апатты жағдайда деп танылған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік осал топтары және Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров бар.
– Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған бағдарлама аясында бүгін Сырдария ауданында көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Бұл – баспана кезегінде тұрып, пәтерлі болу бақытына ие болған әрбір отбасы үшін зор қуаныш, – деді аймақ басшысы.
Ең басты мәселенің шешілгені үшін жаңа қоныс иелері дән риза. Он жылдай бұрын үй кезегіне тіркелген Әлия Әбдіхалықова үш баламен пәтерден-пәтерге көшіп жүріпті. Сарыла күткен кезегі келіп, арманы орындалған ана бұдан былай кең әрі жайлы үш бөлмелі үйде тұратынына сене алар емес.
Гүлсара Бершімбаева да бұл күні қуанышын жасыра алмады.
– Мен бүгін жаңа пәтер алғаныма қуаныштымын. Бұған дейін біз апатты үйде тұрған едік. Сондықтан біздің қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу қиын. Аймақ басшылығына алғыс білдіремін, – деді ол.
Сыр елінде қоныс тойы мұнымен шектелмек емес. Қазіргі кезде облыс аумағында 1747 пәтерлік 69 үй салынып жатыр. Оның 55-і биыл іске қосылады. Бұл қатарда Сырдарияның сол жағалауындағы көппәтерлі 14 тұрғын үйден тұратын тұтас бір шағын аудан бар. Айта кетейік, 2013-2018 жылдары 2,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал соңғы 2 жылда мемлекет қаражаты және мердігерлер есебінен 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынған.
Аймақ басшысының Жалағашқа жұмыс сапары кезінде Таң ауылында күріш ақтайтын зауыт, М.Шәменов елді мекеніне ауызсу тарататын нысан ашылды.
«Таң» LTD» ЖШС-на тиесілі зауыт тәулігіне 100 тонна күріш ақтай алады. Құны 150 млн теңгені құрайтын жоба өткен жылы іске асырыла бастады. Нәтижесінде 15 адамға тұрақты жұмыс табылып отыр. Серіктестік директоры Имамзада Шағыртаевтың айтуынша, зауыттың салынуы жергілікті шаруашылық еккен күрішті алысқа тасымай-ақ осы жерде ақтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ауыл тұрғындары мал азығын, тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі азаматтар күрішті жеңілдетілген бағамен сатып ала алады.
М.Шәменов ауылында салынған ауызсу тарату нысаны жергілікті халықты орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етіп, кезекті әлеуметтік түйткілдің түйінін тарқатуға ықпал еткені анық. Нысан құрылысын «Еңбек» ШЖҚ РМК жүргізді.
– Халық денсаулығының мықты болуы, ең алдымен, таза ауызсудың сапасына байланысты. Мемлекет қолдауының арқасында аймақта сумен қамту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында 2020 жылы орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізу көрсеткіші қалаларда 100 процентті, ал ауылдық жерлерде 2 есеге артып, 80 процентті құрауы тиіс екені көрсетілген. Осы ретте «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында кент және 9 елді мекенде ауызсу жүйесі қайта жаңғыртылды, – деді облыс әкімі.

Назерке Саниязова,
«Сыр бойы».
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қараша 2018 г. 506 0