Сырдарияда көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Бүгін "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінің А.Иманов және Н.Ергешбаев көшелерінің қиылысынан салынған көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
Көпқабатты тұрғын үйдің ашылу салтанатына облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысып, аудан тұрғындарын қоныс тойларымен құттықтады. Аймақ басшысы өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқанын, бұл өз кезегінде баспана кезегінде тұрған азаматтар санын азайтуға тікелей әсер ететінін атап өтті.
Көпқабатты тұрғын үйдің ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы мен пәтер алушы тұрғындардың атынан Г.Бершімбаева сөз сөйлеп, аймақ басшысына алғысын айтты.
Тұрғын үйдің лентасын қиылғаннан кейін аймақ басшысы Ұлы Отан соғының ардагері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Яхия Тасыровтың пәтерімен танысты. Өз кезегінде соғыс және еңбек ардагері шынайы ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Айта кетеу керек, көпқабатты тұрғын үй Ұлы Отан соғысы ардагеріне, пәтер кезегінде тұрған осал топ өкілдеріне, бюджеттік сала қызметкерлеріне, баспанасы апаттық жағдайда деп танылған тұрғындарға берілді. Тұрғын үйдің құрылысын "Дәнекер" құрылыс компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізсе, абаттандыру жұмыстарын "Орда құрылыс" компаниясы жүргізді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қараша 2018 г. 581 0