Қызылордада электр қуатының тарифі төмендетілді

Қызылордада электр энергиясы мен жылу бағасы заңсыз көтерілген. Қуат көзін қымбаттатқан өңірлік электр тарату тораптары компаниясы 73 жарым миллион теңге негізсіз пайда тапқан, - деп хабарлады 24.kz тілшісі. 
 Прокурорлық тексеру нәтижесінде монополист мекеменің заңсыз әрекеттері әшкереленді. Табиғи монополиялар заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған кәсіпорынға 1 миллион 400 мың теңге айыппұл салынып, тарифтер төмендетілді.
Шыңғыс Есжанов, 
облыстық прокуратураның басқарма аға прокуроры:
 Облыстық прокуратурамен енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде аталған ұйымға уақытша өтемдік тариф енгізілді. Соның нәтижесінде акционерлік қоғам электр энергиясын беру қызметіне тариф 4 теңге 945 тиыннан 4 теңге 934 тиынға дейін төмендетілді.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қараша 2018 г. 1 170 0