« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндік көп. Кәсіпкерлер осы қамқорлықтың арқасында табысқа жетуде. Солардың бірі – Сырдария ауданы, Асқар Тоқмағанбетов ауылының тұрғыны Нұрсұлу Ажарова.
Ол он жылдан аса ісмерлік өнерімен айналысып келеді. Бастапқыда қабілетін кәсіпке айналдыру үшін «Ақниет» бағдарламасына қатысты. Жобасы қолдау тауып, 300 мың теңге грант жеңіп алды. Онысына тігін машинасы мен құрал-жабдықтарын жаңартты. Ізденімпаз тігінші «Бизнес-кеңесші» сабағына қатысып, біліктілігін арттырды. Бұған дейін үй ішінде азын-аулақ тапсырыс алып келген ісмер шаруасын едәуір ұлғайтты. Жеке цех ашты. Бүгінде Нұрсұлудың қолынан шыққан бұйымдар үлкен сұранысқа ие. Қыз жасауынан бастап, құрақ құрау, ұлттық киімдер мен көйлектер, бесік жасауларын тігу шебердің шынайы еңбегі.
Нұрсұлу бір жағынан мектепте сурет пәнінің мұғалімі. Бейнелеу өнерін жетік меңгерген ол тігіншілікті қатар ұштастырып, кәсібін жандардырып отыр. Аптасына кемі 2 қыздың жасауын дайындайды. Одан бөлек, қаншама тапсырысы бар. Тұтынушыларынан тек алғыс алған шебер енді балалар мен үлкендерге арналған байпақ, мойынорағыш пен бас киім тікпек. Онысын соңғы үлгідегі 3D бедерлі пішіндермен көмкеруді меңгерген.
– Бастысы, еңбектену керек. Алдымен құрал-жабдықтар алып, цех аштым. Кәсіпкерлерге арналған мүмкіндікті пайдаландым. Нәтижесінде жұмысым алға басты, – дейді ол.
Кәсіпкер 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ондағы қыздар да тігін өнерінің қыр-сырына қаныққан. Нағыз өз ісінің шеберлері. Тігінші үнемі заман талабына сай жұмысын жетілдіруді ойлайды. Осы мақсатта облыс орталығында өтетін қолөнер шеберлерінің, кәсіпкерлердің түрлі шараларына қатысып, өзі секілді жандармен тәжірибе алмасып, шеберлігін шыңдауда. Кәсібін кеңейту үшін жақында Өңірлік инвестициялық орталықтан 3 млн теңге қаржыға қол жеткізді. Алған қаржысына ескі мақтаны қайта түтіп, жаңартатын және көрпе көктейтін станок әкелді. Нәтижесінде жұмысы жеңілдеп, тапсырыс уақыты қысқарды. Жарамсыз деген көрпе-көрпешені қайта қалпына келтіруге мүмкіндік алды.
Мемлекеттік бағдарлама арқылы кәсібін дөңгеленткен тігінші алдағы уақытта шеберлер санын көбейтіп, тапсырыс түрін кеңейтпек. Сонымен қатар тұрғындарға қолжетімді болу үшін аудан орталығынан үлкен тігін цехын ашу жоспарында бар.
Сара АДАЙБАЕВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |