Облыстық ішкі саясат басқармасы және «Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен кеше Қызылордада «Digital media: мүмкіндіктер және тәжірибе» атты семинар өтеді.
Семинар барысында медиа саласындағы цифрлық технологияның дамуы мен бүгінгі жетістігін жайлы сөз етілді. Шараға Қазақстандағы тұңғыш электронды «ULYS» журналын шығарушы Ержан Қалымбайұлы мен Болат Әскерұлы қатысты.
2017 жылдан бері елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Сондай-ақ Елбасы тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда цифрландыру барлық салада қарқынды дамуда. Соның ішінде ақпарат кеңістігінде цифрлық технология мүмкіндіктерін пайдаланудың жетістігі байқалады.
Семинар барысында цифрлық медианың бүгінгі мүмкіндіктері мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды. Қазақстан ақпарат кеңістігіндегі тұңғыш цифрлық «ULYS» журналының тұсаукесер рәсімі өтті.