Марина Вольнова "Қазалы ауданының құрметті азаматы" атанды

Бүгін Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаев Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, АҚШ-та өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Марина Вольнованы қабылдап, оған "Қазалы ауданының құрметті азаматы" атағын табыстады, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен. 
Мария Вольнова - Қазалы қаласының тумасы. Алты жасынан бокспен айналысқан. 2005-2006 жылдары Қазалы қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо күресінен жаттыққан. Лондонда өткен 2012 Жазғы Олимпиада ойындарының қола медаль иегері. Бокстан Азияның (2010) чемпионы, әлем чемпионатының (2010) күміс медаль иегері, Қазақстан чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы.
Аудан басшысының қолынан марапат алған боксшы қызымыз ел ағаларына шынайы ризашылығын айтып, алдағы уақытта да ел сенімін атқауға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қараша 2018 г. 587 0