Сырбойылық диқандар 473 422 тонна астық жинады

 Биыл сырбойылық егіншілер 87,3 мың гектар аумаққа күріш екен болатын. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір гектарына 54,5 центнерден өнім айналып, 473 422 тонна астық жиналды.

Жергілікті диқандар өткен жылы Сыр маржанының әр гектарынан 55,3 центнерден өнім алып, өңір тарихында алғаш рет қамбаға жарты миллион тоннадан астам астық құйып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген болатын.

Дала еңбеккерлері күріштен басқа дақыл түрлерін де жауын-шашынға ұрындырмай жинап алды.

Атап айтқанда, 7483 тонна күздік бидай, 2695 тонна жаздық бидай, 368 тонна арпа, 3849 тонна дәндік жүгері, 1766 тонна тары қамбаға құйылды. Сондай-ақ, орташа өнім гектарына картоп – 174,5, көкөніс – 202,2, бақша дақылдары 235,7 центнерден алынды. Майлы дақылдар – мақсары - (8317 тонна) мен күнбағыстың (179 тонна) да шығымы биыл жаман болған жоқ.

Құнарлы мал азығын дайындау үшін ескі жоңышқа дақылы екі рет орылып, барлығы 188 963 тонна, сонымен қатар, 17 914 тонна жаңа жоңышқа, 60 тонна түйе жоңышқа, 206,9 мың тонна шөп және 7750 тонна сүрлем дайындалды. Бүгінде мал азығы үшін 485,7 мың тонна табиғи шөп және 37 мың тонна сабан әзір.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қазан 2018 г. 514 0