Қызылордада уақытты бір сағатқа артқа жылжыту жоспарланып отыр

Қызылордада уақытты бір сағатқа артқа жылжыту жоспарланып отыр. Үкіметтің Қызылорда облысындағы уақытты өзгерту туралы жобасы талқыға салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" туралы жобаның мәтіні eGov порталында жарияланды. "Қызылорда облысы әкімдігіндегілер 2018 жылдың 20 желтоқсанынан 21 желтоқсанына қараған түні сағат 00:00-де жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжытсын", - делінген құжаттардың бірінде. Құжаттар қабылданған жағдайда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдігіндегілер халыққа уақыт есептеу тәртібі өзгергені жайлы хабарлауы керек болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қазан 2018 г. 1 340 0