Самарқанд қаласында (Өзбекстан) байдарка жəне каноэде есуден жастар арасында өткен Азия чемпионатында қызылордалық спортшы Қожахмет Алтынбек алтын медаль иеленді.
Ол 1000 метр қашықтықта каноэ бірлік бəсекесінде сынға түсіп, мəреге бірінші болып келді. Байдарка жəне каноэ есу спортына 12 жасында келген Қожахмет көпдүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері, биыл Болгарияда өткен Əлем чемпионатында күміс жүлдені иеленсе, 2017 жылы Қытайда Азия чемпионатының қола жүлдесін еншілеген болатын.
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тəлім алатын спортшыны жарысқа Мұхитдин Миербеков дайындады.
Жаттықтырушысы Мұхитдин Миербековтың айтуынша, бұл – Қожахметтің осы жылғы соңғы жарысы, келесі жылы ол Əлем чемпионатына дайындалады.