« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жедел жәрдем бригадаларының саны 56-дан 75-ке дейін көбейді. Диспетчерге қоңырау түскеннен бастап жедел жәрдемнің науқастарға жету уақыты 11,2-ден 8,9 минутқа дейін азайды.
Ағымдағы жылдың 9 айында жедел жәрдем қызметін пайдаланушылар саны 1000 адамға шаққанда 22,5%-ға төмендеген, тиісінше қоңыраулар саны 23,4%-ға азайды.
Естеріңізге сала кетейік, республика бойынша өткен жылдың шілде айынан бастап денсаулық сақтау министрінің №450 бұйрығына сәйкес ережелер бекітіліп, жедел жәрдем қызметі жаңартылуда.
Қабылданған шаралардың арқасында Қызылорда облысында жедел жәрдем бригадаларының саны 56-дан 75-ке дейін көбейді.
«Аймақта халықтың қажеттіліктері толығымен қамтамасыз етілген. Өңірде 47 облыстық жедел жәрдем мен (20-сы қалада және 27-сі аудандарда) 28 шұғыл медициналық көмек станциясы жұмыс істеп тұр. Облыстық жедел жәрдем станциясында 18 дәрігерлік және 29 фельдшерлік бригада бар. Шұғыл медициналық көмек бекеттерінде барлығы фельдшерлік бригадалар болып табылады»,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.
Жедел жәрдем бригадаларының бағытын анықтап отыру үшін GPS-навигаторымен жабдықталған.
«Қабылданған шаралардың арқасында кешігу-47,3, нәтижесіз қоңыраулар 13,3 пайызға қысқарды. Сонымен қатар, сәтті реанимациялау 2 есеге артып, ауруханаға жетпей қайтыс болу жағдайлары 2,9 пайызға азайса, ал жедел жәрдем бригадаларының қызмет сапасы 44,7 пайызға жоғарылады. Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметінің диспетчерге қоңырау түскеннен бастап науқасқа жету уақыты да орта есеппен 11,2-ден 8,9 минутқа дейін, ал жол-көлік оқиғасы болған жерге жету орта есеппен 10 минутқа қысқарды»,-деп хабарлады А.Әлназарова.
Атап өтейік, инсульт алған науқастарға көмек көрсетілетін медициналық ұйымға бастапқы 40 минутта жеткізу қызметі 23,5 пайызға артса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 58,1 пайызды, 2018 жылы 90,3%-ды құрап отыр. Республикалық көрсеткіш - 75 пайыз.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |