| « Желтоксан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||
Өткен сенбі, жексенбіде «Алтын күз» мерекесі аясында Шиелі ауданының құрылғанына 90 жыл толуына арналған шаралар кең ауқымда аталып өтті. Оған әр ауылдан келген өкілдер, мекеме мен кәсіпорын қызметкерлері және де есімі елге белгілі қайраткерлер қатысып, той тартуына куә болды. Алтын күз мерекесі барысында ауданның бірқатар ауылдық округтерінде әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Олардың қатарында Бидайкөл ауылдық округіндегі «Бастау» денешынықтыру-сауықтыру кешенін айтуға болады. Аталған ғимарат кәсіпкер Ғалым Ерекеевтің қаржысымен бой көтеріп, жастарымыздың су спортымен шұғылдануына зор мүмкіндік туғызып отырғандығын айтқан жөн. Сондай-ақ, Ыбырай Жақаев ауылындағы №149 орта мектепке ардагер ұстаз, майдангер Әлиакбар Монтаевтың есімі беріліп, ғылыми конференция өткізілді.
Тойға жиналған көпшілік айтыс ақындарының сайысына назар аударысты. «Асылдар туған, шежіре тұнған – Шиелі» деп аталған жыр сайысында Алаш ардақтысы Мұстафа Шоқай, жыр дүлдүлі Нартай Бекежанов, дала академигі Ыбырай Жақаев бастаған алыптардың ел үшін еткен еңбегі терең мәнде айтылды. Айтысқа қатысқан 5 жұп ақын сөзбен маржан төгіп, жұртшылықтың көңілін өсірді.
Кешке мәдениет саласы майталмандарының қатысуымен концерт берілді.
Нұрмахан ЕЛТАЙ,
Шиелі ауданы.
| « Желтоксан 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||