Сыр халқына Үндеу жариялады

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстан-2050 Демократиялық күштері аймақтық коалициясының мүшелері «Болашақ»университетінің мәжіліс залында бас қосып, Жолдау жүктеген міндеттерді жан-жақты талқылап, Сыр халқына Үндеу жариялады.
Үндейде әрбір азамат елдегі ауқымды өзгерістерге өздерінің қатысын сезінуі тиіс. Елбасы Жолдауын іске асыру халықтың өмір сүру деңгейі мен еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға нағыз серпіліс әкеледі. Біз, Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» аймақтық коалициясы, аймақтағы ірі диалог алаңының бірінің мүшелері ретінде барлықтарыңызды Елбасымыздың Жолдауын қолдауға және оны іске асыруға белсенді қатысуға шақырамыз! делінген.
Отырысқа коалиция мүшелігіндегі барлық партиялар жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ өкілдері, аймақтағы ЖОО-ның оқытушы профессорлары, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды «Нұр Отан» партиясы обыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ашып жүргізді. Ол өз сөзінде Саяси құжаттың ауқымдылығы мен мазмұндылығын жан-жақты  баяндап, ондағы көрсетілген алдағы міндеттердің   ел экономикасын ілгерілетуді көздеп отырғандығын атап өтті.
-Елбасы Жолдауында көрсетілген реформалар халықымыздың тұрмыс сапасын жақсартып  әлемдік стандарттарға жеткізуге сол арқылы қоғам мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталып отырған тиімді мүмкіндік. Сондықтан мұны іске асыруға ел болып жұмылуымыз қажет,- деді Ибадулла Құттықожаев.
Жиында Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған өңірдегі жұмыстар да пысықталып, тиісті мекеме басшыларының хабарламалары тыңдалды. Мәселен,ақпараттық–насихат жұмыстары бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов айтып өтті.
Басқарма басшысының айтуынша облыста Жолдауды насихаттау бағытында арнайы медиа жоспар әзірленген. Сондай-ақ  құрамы түрлі сала мамандарынан қамтитын 259 азаматтан тұратын44 ақпараттық насихаттық топ құрылған. Арнайы спикерлер пулы жасақталып, олардың пікірлері БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде жариялануда.
Кеңес отырысында коалиция мүшелігіндегі барлық партия өкілдері ойларын ортаға салып, үкіметтік емес ұйымдар пікірлері тыңдалды. Мақсат ортақ - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдау, қазақ қоғамындағы саяси тұрақтылық пен экономиканың қарқынды дамуына бірлесе үлес қосу.



НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қазан 2018 г. 653 0