ЖАСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

Елбасымыздың жастарға әркез назары, қамқорлығы ерекше. Мемлекет қолдауын әрбір жас сезінеді деп ойлаймын. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жастарға арналған десек болады.

Жолдауда Елбасымыз 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды және жан-жақты әлеуметтік қолдауды ұсынды. Бұл бастама қазақсандық әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатты. Сонымен қатар, Елбасы Үкіметке жастардың білім алуына ерекше назар аударуды тапсырды. Әсіресе, жоғары оқу орындарының білім сапасы, түлектердің жұмыспен қамтылуы басты назарда болуы тиіс. Себебі білімді жас сапалы маман болып қалыптасары сөзсіз.

Елбасы барлық мемлекеттік мектептерге Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту бағдарламасын енгізуді тапсырды. Осы арқылы өскелең ұрпақтың білім деңгейі кеңейе түседі. Білім мен ғылым егіз ұғым секілді. Президент ғылымды дамыту тетіктерін айқындауды да басты міндет етіп қойды.

Елбасы үкіметке «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін созу керектігін айтты. Бағдарлама аясында мыңдаған жастың бастамасы қолдау тауып, олар өз кәсібін бастап та үлгерді. Бағдарлама мерзімін ұзарту жас кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау екені белгілі.

Талғат ТІЛЕС, 

«Жас Отан» жастар қанаты 

облыстық филиалының төрағасы. 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қазан 2018 г. 665 0