Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауы барысында жалақының ең төменгі мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі айлық жалақы 42 мың теңгеге жетуі тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Мемлекеттік табысты болуының кепілі – ең басты байлығының дамуы болып табылады. Ол – адам. Әр мемлекеттік орган, компания басшылығы жұмысқа деген қарым-қатынасты өзгертуі керек. Қазақстандықтардың әл-ауқатына басымдылық беру қажет. Жалпы ішкі өнім, инфляция, барлық макроэкономикалық көрсеткіштер, бұл жай ғана сандар емес, бұл сандарды қазақстандықтарды өмірін жақсарту үшін біз оны жақсартуға ұмтыламыз. Барлық әкімдер мен министрлерді осыны есте сақтауға шақырамын”, – деді Назарбаев.
Қазақстандықтардың аман-саулығы табыстың артуы мен өмір сүру сапасының жақсаруымен есептеледі, деп жалғады сөзін елбасы.
“Табыс адам еңбекқор болған кезде ғана өседі. Оны үнемі айтып жүремін. Біріншіден, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық көрсеткішті 1,5 есеге көбейтуді тапсырамын. 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көтерілсін. Бұл әр қазақстандық үшін көмек болады”, – дейді мемлекет басшысы.