« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналған шараларға БАҚ өкілдері де ерекше үлес қосты. Жексенбі күні "Евразия" спорт кешенінде журналистерден жасақталған командалар мини-футболдан Қызылорда облысы әкімінің кубогын сарапқа салды.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен 12 команда қатысып, үш топқа бөлініп бақ сынады. Оралдың «Жайық», Астананың «Хабар», «Sport-59», Талдықорғаннан келген «BAQ JETISU», тараздық «Taраз Рress», «Jambyl медиа» Түркістаннан «Рейтинг», Шымкент қаласынан «Erniyaz медиа», жергілікті «Сыр медиа», «Қаламгер», «Qyzylordatv» командалары тарихи шаһардың мерейтойына арналған турнирді тартысты додаға айналдырды.
Турнирдің ашылуында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов жылы лебіздерін білдіріп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Командалардың дені республикалық бәсекелерде көзге түсіп жүрген, талай мәрте алаңда айқасқан ұжымдар. Осыдан да Ақмешіттегі ала доп турнирі тартысты өтті.
Әрине, доп дөңгеленгенмен дараны дода анықтайды. Мықтылар пенальтимен анықталған ойында Қызылорда облысы әкімінің кубогын Шымкент қаласынан келген "Ернияз медиа" командасы иемденді. Оларға 600 мың теңге табысталды. Екінші орынды еншілеген "Тараз Press" – 400 мың, үздік үштікті түйіндеген "Хабар" телеранасы жігіттеріне 200 мың теңге ақшалай жүлде берілді.
Ерасыл ШӘРІБЕК.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |