"Көше кітапханасы" - қанатқақты жоба

Қазалы аудандық орталық кітапханасы "Көше кітапханасы" атты қанатқақты жобаны қолға алып отыр. Аудандар арасынан алғашқы болып ашылып жатқан көше кітапханасы кітапқа құмар оқырманның қуанышын еселей түскені анық.
Көше кітапханасының ашылу салтанатына аудан әкімі М.Ергешбаев барып, алғашқы оқырмандарының бірі болды. Игі істі ұйымдастырушыларға үлкен алғысын білдірген аудан басшысы кітап оқу заман талабы екенін баса айтып өтті. Көше кітапханасына еңбек ардагері Мұңсызбай Әубәкіров өз кітапханасынан кітабын тарту етті.
Кітаптар сөресі Әйтеке би көшесіндегі кенттік клуб жанына орналастырылған. Әзірге аудан орталығында үш көше кітапханасы жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта оқырманның сұранысына орай кітапхана санын көбейту жоспарда бар. Осылайша кітапхана қызметкерлері тұрғындардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылықтарын арттыруды көздейді. Көше кітапханасының ерекшелігі - кез келген тұрғын өзіне ұнаған кітапты оқуға ала алады және кітап қорын толтыруға болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қазан 2018 г. 1 277 0