Қызылордада ауыл шаруашылығы экспорты артып келеді

 Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау жылдан-жылға артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соңғы жылдары Қызылорда облысында бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыстың ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу нарығына кешендік маркетингтік зерттеулер жүргізілді. Осының нәтижесінде облыстың агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейін дамуының Агрокартасы әзірленді.
Бұл аграрлық саладағы экспорт көлемін арттыруға оң септігін тигізді. Атап айтқанда, 2017 жылы 84,6 мың тонна күріш сырт елдерге экспортқа шығарылды. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 61,1 жоғары, жалпы ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау 60 пайызға артқан.
Агрокарта аясында жылдам дамытуды қажет ететін салалар және күріш, балық, ет, бақша, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемін 2020 жылға қарай 5 есеге дейін ұлғайту жолдары айқындалған. Бұл Мемлекет басшысының бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығында талап етілген өндірісті ынталандыру жөніндегі тапсырмасына толық сәйкес келеді.
Былтыр облыста күріш, қауын-қарбыз, пияз, болгар бұрышы секілді ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау 37 пайызға өскен. Ол 89,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері шетелге шығаруға жол ашты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруда Жаңақорған ауданы алдыңғы қатарда келеді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қыркүйек 2018 г. 547 0