Волейболдан сынға түсті

Кеше Қызылордада бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер арасында волейболдан жарыс өткізілді. Оған бірқатар команда қатысып, өзара бақ сынасты.
Нәтижесінде 1-орынды Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенттерінен құралған "Сыр түлегі" командасы иеленді. Ал қалған екі орын Қызылорда телеарнасының "Қызылорда" және "Сыр Медиа" ЖШС-нің "Сыр Медиа арулары" командаларына бұйырды. Сонымен қатар, әртүрлі номинация иегерлері анықталды.
Биік тұғырдан көрінген командалар мен жекелеген ойыншылар марапатқа ие болды.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қыркүйек 2018 г. 863 0