« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Арал мен Қазалы аудандарының шекарасында Ақбай аталатын елді мекен бар. Аталған қонысты ел арасында құт дарыған жер деп біледі. Оған себеп те жоқ емес. Ауылдың нақ іргесіндегі биік төбе маңайға ерекше айбат, өзгеше көрініс беріп тұр.
Осынау киелі топырақта кәсіпкерлік саласына айтарлықтай мән беріледі. Олардың арасында мемлекеттен несие алып, шаруасын дөңгелентіп отырғандар бар. Солардың бірі – «Арал құс» СПК жетекшісі Гүлнар Әлібаева. Гүлнардың негізгі мамандығы мұғалім. Ауыл мектебінде жұмыс жасап жүрген ұстаз тоқырау кезеңінде кәсіп жасауға бел байлады. Сонан бері де сырғып сан жыл өтті. Өткен жылы жолдасымен, отбасымен ақылдасып құс шаруашылығын қолға алады. Мұндай шешім қабылдауға тұрғылықты жердің ауыл шаруашылығы бағытына бейімділігі де ықпалын тигізді.
Осылайша, өткен жылы аудандық кірістер және әділет басқармаларына тіркеліп, өзінің жеке кәсіпкерлігін ашты. Келесі кезекте өңірлік инновациялық орталығы арқылы 16 миллион теңге несие алуға қол жеткізді. Мұнан соң Ақбайдың іргесіндегі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының бойынан жер телімін иеленіп, құс өсіру цехының және тұрғын үй құрылысын жүргізді. Электр жарығы тартылып, су жүйесі жеткізілді. Құс өсіретін инкубатор жеткізді. Осы жылдың сәуір айында Ресейден қаз және үйрек балапандары жеткізілді. Қазіргі уақытта 6 адам тұрақты еңбек ететін ұжымның есебінде екі мыңға тарта қаз-үйрек бар. Жалақы кешікпей босатылып, тиісті төлемдер уақытылы аударылады. Десе де әр жұмыстың өзіндік қиыншылығы бар. Аяқ суды «Шолақ» каналынан алатын «Арал құсты» да биылғы судың тапшылығы айналып өтпеді. Ал судың қаз-үйрекке қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті. Оған қоса уақыт тығыздығынан жем-шөпті сырттан сатып алуға тура келді. Бұл да өзекті мәселе. Алайда кәсіпкер қол қусырып отырған емес. Алдағы уақытта жоңышқа, басқа да құсқа қажетті дәнді дақылды өсіруді жоспарға алған. Жақын арада біршама қаз-үйрек етін саудаға шығармақ. Бұл ретте Арал, Қазалы аудандарының жәрмеңкесіне қатысу да назарда тұр.
«Бастау» жобасының аясында жұмыс орындарын ашып, кәсібін жүргізгені үшін «Арал құс» СПК жетекшісі Гүлнар Әлібаева «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының «Алғыс хатымен» марапатталып, жобасы үздіктер қатарына енгізілгенін айта кеткен де жөн.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Арал ауданы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |