« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше Қармақшы ауданында Сыр сүлейі, жампоз жырау Тұрымбет Салқынбайұлының туғанына 150 жыл толуына орай мерекелік шара өтті.
Мерекеге қатысушылар алдымен жыраудың туған топырағы Ақтөбе ауылына барып, аудан әкімдігінің қолға алуымен қайта жаңғыртылып, күмбезделген жырау бейітіне құран бағыштады.
Мұнан соң қонақтар биыл 40 млн теңгеге жөндеуден өткізілген аудан орталығындағы Т.Салқынбайұлы атымен аталатын әуез мектебінде болды.
Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен «Тау тұлға – Тұрымбет жырау» атты ғылыми-танымдық конференция жырау мен жыраулық өнердің өлмес рухын паш етті.
Конференцияны аудан әкімі С.Мақашев ашып, барша жұршылықты жыр мерекесімен құттықтады. Мұнан кейін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес сөз алып, жыраулық мұраға көзінің қарашығындай қарайтын қармақшылықтарға алғысын білдірді. Абай атындағы Қазақ ұлттық уиверситетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Т.Тебегенов, этнограф-жазушы Т.Дайрабай, жыраудың ұрпағы И.Бекмаханов секілді ғалымдардың баяндамалары тыңдаушыларына мол мағлұмат тарту етті.
Тағылымды жиын соңы республикалық жыршы-жыраулар байқауына ұласты.
Балқы Базар, Дүр Оңғарлардың жолын жалғап, жыраулық өнерімен өз өңірімізден бөлек өзбек, түркімен еліне де танылып, мектеп қалыптастырған Тұрымбет Салқынбайұлы ерекше дарын иесі болған.
Шығыстық үлгідегі «Көроғлы», «Жүсіп-Зылиқа», «Әуезхан», «Ақтам», секілді дастандарды таңды таңға ұрып айтып, өз жанынан «Мәжит пен патша қызы» атты дастан шығарып қалдырған жыраудың рухани мұрасы бүгінгі ұрпақтың қазынасына айналып отыр. Кете Жүсіп, Жиенбай жыраулармен айтысқа түскен оның «Шырқау дауысы», «Гөй-гөй», «Күмісайжан» атты әндері де бар. Шығармалары «Пернедегі термелер», «Айтыс» жинақтарында жарияланып, «Талайды таңырқатқан жырау едім» атты жеке жинағы жарық көрген.
Міне, мәдениетіміз бен рухани өміріміздің бір ерен тұлғасы Тұрымбет жырау есімі осылай ұлықталды.
Ұлағаты ұрпақ жадында жаңғырды.
Дүйсенбек АЯШҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |