ЖАҢАҚОРҒАННЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ 2 АЙ ТОЙЛАНАДЫ

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев ауданның 90 жылдығы мен Халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығына орай кең көлемде өтетін шаралар барысы туралы айтты. 
Ауданның мерейтойы «Сырға толы Сығанақ» атты этно-думанды шарамен басталып, 2 ай көлемінде тойланатын болады. 14 қыркүйектен басталып, 14 қарашаға дейін созылады.
"Бағдарлама аясында мәдени көпшілік және спорттық шаралар өтеді. Сондай-ақ, Халық ақыны Манап Көкеновтің 90 жылдығына орай бюсті ашылып, республикалық ретро-айтыс ұйымдастырылады. Шаралар аясында «Алтын күз-2018» ауылшаруашылығы саласының үздіктері марапатталып, эстрада жұлдыздарының гала-концертімен қортындыланады", - деді Ғ.Әміреев. 
Сондай-ақ, М.Көкенов атындағы аудандық Мәдениет үйінде Қазақ елінің дара тұлғасы, Қазақстан Республикасының Халық Әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дирижер Төлепберген Әбдірашевтің 70 жылдығына арналған республикалық камералық оркестрлердің фестивалі өтеді. Аталмыш фестивальға Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан камералық оркестрлері қатысса, Түркістан облысы опера және балет театрының симфониялық оркестрі қонақ ретінде өнер көрсететін болады.
Атап өтсек, Жаңақорған ауданының 90 жылдығы аясында көпқабатты тұрғын-үй және 1 жатақхана қазан айында халық игілігіне беріледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қыркүйек 2018 г. 834 0